Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Медицина қызметкері күнімен құттықтауы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Медицина қызметкері күнімен құттықтауы

Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері!

Сіздерді шын жүректен кәсіптік мерекелеріңіз – Медицина қызметкері күнімен құттықтаймын!

Бір кезде осы мамандықты таңдаған адамдар өмір бойы сол кәсіптерін мақтан тұтып, оған адал болып өтеді. Сондықтан да, бұлай  гуманизм мен мейірімділіктің ең жоғары мұратына қалтқысыз қызмет ету небір алғыс сезімдеріне лайық.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт денсаулығы біздің мемлекеттік саясатымыздың жаңа Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған маңызды бағыты болып табылатындығын атап көрсеткен болатын. Мемлекет шынында да, медицина қызметкерлеріне әрдайым лайықты қолдау білдіріп келеді.

Атап айтқанда, сала қызметкерлерінің еңбекақысы өсіп, денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасы жақсаруда, инфрақұрылымы нығаюда. Жоғары деңгейлі медицина кадрларын даярлау және жұмысқа тартудың арқасында соңғы үш жылда облыс ауруханаларында дәрігерлер тапшылығы екі есеге жуық азайды. Бүгінгі таңда аймағымыздың денсаулық сақтау саласында 14 мыңға жуық қызметкер еңбек етеді.

Қымбатты біздің дәрігерлер, медбикелер, фельдшерлер, акушерлер және кіші медицина қызметкерлері!  

Біз сіздерге күн сайын өзіміздің ең қымбат саналатын денсаулығымызды, кейде тіпті, өмірімізді де сеніп тапсырамыз. Сіздер жұмыстарыңызда демалыс дегенді білмейсіздер. Әр күндеріңіз үлкен төзімділік пен ерлікті қажет етеді. Өздеріңіздің адамгершілік парыздарыңызды орындай отырып, сырқат адамдарға көмекке асығасыздар, біреудің жан азабына жанашырлық танытасыздар. Адамдарды сырқатынан жазып, толыққанды өмірге оралтасыздар, сөйтіп, оларға айтып жеткізгісіз қуаныш сыйлайсыздар. Сіздерге осынау ауыр, қажырлы да құрметті жұмыстарыңыз үшін мың алғыс!

Осы айтулы күні біздің аймақтың денсаулық сақтау саласының қалыптасуына орасан зор үлестерін қосқан және өмір бойы өздері таңдаған осы бір мамандықтарын қастерлеп өткен сала ардагерлеріне жеке дара алғысымызды білдіреміз.

Сіздердің өмірлеріңізде өздеріңізге қарыздар пациенттеріңіздің жеткізер алғыстары күн сайын көп болсын! Баршаңызға зор денсаулық, туған-туысқандарыңыз бен жақындарыңыздың қолдауын, жақсылық пен ынтымақ-береке тілеймін!

***

Құрметті Ақмола облысының денсаулық сақтау саласының қызметкерлері!

Ақмола облысының депутаттық корпусының атынан сіздерді кәсіби мереке – Қазақстан Республикасының Медицина қызметкері күнімен құттықтаймын!

Сіздердің жұмыстарыңыз әр заманда қиын, бірақ, құрметке ие болып келеді. Гуманизм мен дәрігерлік шеберлік әрқашан пациенттерді емдеуде шешуші фактор болды және бола бермек.

Бүгінде біздің еліміз ауқымды реформалар жүргізіп жатыр, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту маңызды рөл атқарады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев отандық медицина алдына үлкен және жауапты міндеттер қойып отыр. Ақмола облысында бүгінде өз ісінің шеберлері, еңбекқор, бірегей мамандар жұмыс істейді. Біздің медицина қызметкерлері жаңа технологияларды, диагностика мен емдеудің инновациялық әдістерін жете меңгеруде. Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторы, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік табысты дамып келеді, жаңа жабдықтары мен білікті мамандары бар заманауи медициналық орталықтар пайда болып жатыр.

Бұл жаңалықтардың барлығы облыста қалыптасқан медициналық мекемелердің тұрақты жүйесі мен ардақты ардагерлеріміз негізін қалаған дәрігер кадрлар мен орта буын медициналық қызметкерлердің мықты құрамының арқасында мүмкін болып отыр. Тәуелсіз Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің қалыптасуын дарынды және өз ісіне берілген білікті дәрігерлерімізсіз елестету мүмкін емес. Олардың даңқты дәстүрлерін, бай тәжірибелері мен білімдерін лайықты түрде кіші әріптестері жалғастырып келеді.

Осы мереке күні барлық дәрігерлеріміз бен медбикелерімізге, техникалық персоналға, денсаулық сақтау ардагерлері мен ұйымдастырушыларына, медициналық білім, ғылым, кәсіби қауымдастықтардың қызметкерлеріне зор алғысымды білдіргім келеді. Сіздер азаматтарымыздың денсаулығына деген адал көзқарастарыңызбен, жанашырлық, қамқорлықтарыңызбен ең жылы да шынайы алғыс сөздерімізге лайықсыздар. Қиын да құрметті, жанқиярлық еңбектеріңізге толағай табыстар, отбасыларыңызға, туған-туыстарыңыз бен жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт пен амандық тілеймін. Әрқашан сәттілік жандарыңызда серік болсын!

Бейбіт Жүсіпов,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар