Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Полиция күнімен құттықтауы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Полиция күнімен құттықтауы

Қымбатты полиция қызметкерлері! Құрметті ардагерлер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Полициясы күнімен құттықтаймын!

Заңдардың орындалуын қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау сөз жоқ, ерекше жауапкершілікті талап ететін жұмыс.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесі біздің мемлекеттілігіміздің тұрақтылығының берік негізі мен кепілі екендігін бірнеше мәрте ерекше атап өтті.

Соңғы жылдары ішкі істер органдарында кең көлемді және жүйелі реформалар жүргізілді. Бұл – тәуелсіздіктің барлық жылдарында тыныштық пен біздің азаматтарымыздың қауіпсіздік күзетінде тұрып келе жатқан Қазақстан полициясы қызметіне оң ықпалын тигізумен келеді.

Бүгінгі таңда біздің облысымыздың ішкі істер органдарының қатарында үш мыңнан астам полицей өзіне  жүктелген міндеттерін абыроймен атқаруда. Олар тәртіп пен заңдылықты қорғау бүкіл өмірлерінің мәніне айналған нағыз өз істерінің кәсіби шеберлері. Олар үшін кәсіптік бедел мен жеке бастың тазалығы бәрінен жоғары тұр. Біздің облыстың полиция қызметкерлері тұрақты түрде патриоттылық пен батылдықтың нағыз үлгісін көрсетумен келеді.

Құрметті учаскелік полицейлер мен тергеушілер, жедел уәкілдер мен криминалистер, қатардағы тәртіп сақшылары мен офицерлер, қымбатты ішкі істер органдарының ардагерлері! 

Бүгінгі күні бізСіздерге құрмет көрсетіп қана қоймаймыз, сонымен бірге, қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін қиған ержүрек азаматтарымызды да еске аламыз. Сіздердің баршаңызға адал, мінсіз қызметтеріңіз, өз Отанымыздың мұраттарына және кәсіптік борыштарыңызға сүйіспеншілік, заңға қызмет ету жолындағы берік ұстанымдарыңыз үшін шын жүректен алғыс білдіруіме рұқсат етіңіздер.

Сіздерге алдағы уақытта да өздеріңізге жүктелген кәсіптік міндеттеріңізді лайықты атқаруларыңызға, қиын да құрметті қызметтеріңізде табыстарға жетулеріңізге тілектестігімді білдіремін. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен жақсылық  тілеймін!

***

Құрметті ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!

Ақмола облысының депутаттық корпусының атынан сіздерді кәсіби мереке – Қазақстан полициясы күнімен құттықтаймын!

1992 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан полициясының міндеттері мен функцияларын айқындаған «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдады, ал, 2007 жылы Президенттің Жарлығымен 23 маусым – Полиция күні болып бекітілді.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері елдегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын сақтау үшін күн-түн демей тынымсыз жұмыс істейді. Бұл күні біз қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмысты ашу жолында қаза тапқан, бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірін қиған полицейлерді еске аламыз. Мұнымен бірге, жас әріптестеріне әрдайым көмекке келуге, бай тәжірибелерімен бөлісуге, ақыл-кеңестерімен көмектесуге дайын ішкі істер органдарының ардагерлеріне де құрметімізді көрсетеміз.

Мемлекет құқық қорғау органдарының жұмысына ерекше көңіл бөлуде, жыл сайын полицияның материалдық-техникалық, кадрлық қамтамасыз етілуі, қызметкерлердің кәсіби біліктіліктерінің өсуіне және полиция қызметі беделінің артуына ықпал ететін реформалар кезең-кезеңімен іске асырылуда. Ақмола облысында тәртіп сақшыларының тиімді және жайлы жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалып жатқанын, жергілікті полиция қызметінің материалдық базасын нығайтуға, ауылдық жерлердегі учаскелік инспекторларды тұрғын үймен және көлікпен қамтамасыз етуге бөлінетін қаражат көлемі жылдан-жылға арта түсіп отырғанын атап өткен жөн. Бұл ауқымды жұмыс одан әрі жалғасатынына сенімдімін.

Құрметті полиция қызметкерлері! Осы кәсіби мерекелеріңіз үстінде Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, амандық, бақыт, кәсіби және азаматтық борышын орындауда табыс тілеймін!

Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар