Президент шәкіртақысы – оқу озаттарына

А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттері Қазақстан Республикасы Президентінің шәкіртақысының  иегерлері атанды.

2023 жылғы 14 маусымда А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде салтанатты түрде ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы №251 «2023 жылға арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында ҚР Президентінің шәкіртақысын бөлу туралы» бұйрығына сәйкес және университеттің ғылыми кеңесінің шешімі негізінде ҚР Президентінің шәкіртақысын алуға сертификаттар табыс етілді. Бұл құрметке университеттің құқықтану  факультетінің 3 курс студенттері ӘминаҚализатова, ЕкатеринаМайбах, АнастасияМуратова және инженерлік-экология факультетінің студенті  Анастасия Гукие болды.Университетіміздің мақтанышы болып табылатын қыздарымыздыстуденттік өмірлеріндегі осынау маңызды оқиғамен құттықтаймыз!

                                        А.Мырзахметов атындағы
Көкшетау университетінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар