Үздік қызметкер атанды

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 20 басқармасының арасында «Қызмет көрсету орталығының үздік қызметкері» атағына байқау өткізілді.

Байқау қорытындысында Қосшы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мемлекеттік салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы Мейрамгүл Исімбаева «Қызмет көрсету орталығының үздік қызметкері» атанды.

Мемлекеттік кірістер органдарында ол 2002 жылдан бастап жұмыс істейді. Функционалдық міндеттеріне мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде салық заңнамасын түсіндіру жұмыстары кіреді. Осы уақыт ішінде Мейрамгүл Қартайқызы өзін сауатты маман, жауапты да мақсатты, адал қызметкер ретінде көрсетті. Лауазымдық міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің және Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Алғыс хаттарымен марапатталған. Осындай іскерлігімен ұжымдағы әріптестері арасында үлкен беделге ие болып келе жатқан Мейрамгүлдің алатын жаңа асулары әлі алда деп білеміз.

Ақмола облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар