Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов жұмыс сапарымен Атбасар ауданына барып, аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті.
Кеңес барысында аудандық мәслихаттың облыстық мәслихатпен өзара іс-қимылы, халық қалаулыларының қызметін жетілдіру және күшейту бойынша бірқатар ұсыныстар мен ұсынымдар қаралды, алдағы кезеңге арналған жалпы міндеттер белгіленді.
–Әрине, сайлаушылардың өтініштерін орындау және олардың мәселелерін шешу бізден барлық күш-жігерді жұмылдыруды талап етеді, – деп атап өтті әріптестерімен әңгіме барысында Бейбіт Айтымұлы.
Атбасар аудандық мәслихатының төрағасы Нұржан Рахымовпен бірге күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан Атбасар қаласының №5 жалпы білім беретін мектепті аралап, жағдаймен танысқаннан кейін Бейбіт Айтымұлы өз ескертулері мен ұсыныстарын жеткізді.
Күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан ТБК қазандығына да барды. Алдағы қысқы жылу беру маусымын үзіліссіз және төтенше жағдайларсыз өткізу үшін жылу трассалары мен басқа да қосалқы объектілерді жөндеу қажет деп ескертті Б.Жүсіпов.
Сонымен қатар, ол «AMANAT» партиясының аудандық филиалында азаматтарды қабылдады. Атбасарлықтар көтерген барлық мәселелерді аудандық және облыстық мәслихат депутаттары бақылауға алатын болды.
Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.