Бизнесті қорғау мәселелері басты назарда

Ақмола облысында жұмыс сапарымен болған Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов облыстық прокуратурада облыс прокурорының міндетін атқарушы Владимир Малаховпенжәне өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен кездесті.

Кездесуді ашып жүргізген В.М.Малахов бизнесті қорғау және өңірлік кәсіпкерлер палатасымен өзара іс-қимыл саласындағы жұмыстардың нәтижелерін баяндап берді.Жыл басынан бері прокуратура органдары 2959 кәсіпкердің құқықтарын қорғады, 152 қадағалау актісі енгізіліп, 26 лауазымды тұлға жауапқа тартылды, әкімшілік жауапқа тартылғандар саны 4. Кәсіпкерлік саласындағы бұзушылықтар бойынша прокурорлар 1,7 миллион теңгенің сомасына 123 әкімшілік өндірістің күшін жойды және тоқтатты.107 кәсіпкерге шарттық міндеттемелер бойынша көрсеткен қызметтері үшін бюджеттен 160,4 миллион теңге төлем қамтамасыз етілді.Бизнестің жүйелік мәселелері кезең-кезеңімен шешілуде. Бүгінгі таңда 7 сұрақ рұқсат етіліп, тізілімнен шығарылды.

Сонымен қатар, кездесуге қатысушыларға прокуратура жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топтардың жұмысы туралы айтылды. Мобильді топтар жедел режимде 60-тан астам қоңырауды қарап, жауап берген және шара қолданған. Нәтижесінде кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінде 3 заңсыз тексеру тоқтатылды. Сондай-ақ, лауазымды тұлғаның кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуының бір фактісі анықталды.

Кездесу аясында Мемлекет басшысының кәсіпкерлік субъектілерін қылмыстық процесс саласына негізсіз тартуға жол бермеу туралы тапсырмаларына ерекше назар аударылды. Шара қорытындысы бойынша бизнес-омбудсмен Рустам Жүрсінов облыс прокуратурасының қызметін оң бағалады. Ауыл шаруашылығы саласы, кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, оның ішінде қылмыстық және өзге де салалардағы мәселелер бойынша неғұрлым тереңірек талдау жүргізу ұсынылды. Барлық ұсынымдар бойынша басшылық тарапынан тиісті тапсырмалар берілді.

Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар