Елордалық әріптестерінің жұмысымен танысып келді

Өзара тәжірибе алмасу аясында Ақмола облыстық мәслихатының бірқатар депутаттары мен аппараттың жауапты қызметкерлері жұмыс сапарымен Астана қалалық мәслихатына барып қайтты.

Тұрақты комиссиялардың төрайымы мен төрағалары Айнагүл Балташева, Марат Қойшыбаев, Павел Безвербный, Саят Сыздықов, депутаттар Руслан Шамкенов, Айдын Төребаев және Анар Аяпбергенова Астана қалалық мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысына қатысты. Елордалық депутаттар 2023 жылға арналған бюджетті нақтылау жөніндегі бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарады.

Мәслихат төрағасы Ерлан Қанәлімов бастаған қабылдаушытарап елордадағы жұмыстың ерекшеліктері, жергілікті атқарушы органдармен және сайлаушылармен өзара іс-қимыл, енгізіліп жатқан инновациялар туралы айтып берді.

Сондай-ақ, Ақмола облыстық мәслихатының делеагациясымәслихатқа қала тұрғындарының ең өзекті мәселелері мен өтініштері бойынша жедел ақпарат беретін елордалық i-Komek ахуалдық орталығына барып, фронт-офис, қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысымен және орталықтың басқа да жобаларымен танысты.

Сонымен қатар, депутаттар Қосшы қаласында болып, проблемалық әлеуметтік нысандарды – өткен жылы іске қосылған жаңа емхананы және жаңадан салынып жатқан1200 орындықмектеп құрылысын қарап шықты.  Екі нысан да мұқият назар аударуды талап етеді, жақын арада депутаттар оларды тұрақты комиссияда қарауға ниетті.

Жалпы, сапарға қатысушылардың айтуынша, елордалық әріптестеріміздің оң жұмыс тәжірибесі облыстық мәслихат жұмысына жаңашылдықтар енгізіп,  кейбір жаңа тұстарға назар аударуға мүмкіндік береді.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар