Нұресілдік тұрғындар қуанышы

Целиноград ауданының құрылғанына 95 жыл толуына орай, Нұресіл ауылында осы ауданның Құрметті азаматы Марат Қамзебаевтың демеушілігімен көпфункционалды спорт алаңы салынып, пайдалануға берілді.

Алаңның ашылу салтанатына аудан әкімі Бахыдбек Оспанбеков қатысып, тұрғындарға құттықтау сөзін арнады.

– Бұл тамаша спорт алаңы біздің балаларымыз өздерінің спорттық дағдыларын дамыта алатын, өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың құнды сабақтарын үйренетін орынға айналады деп сенеміз. Бұл алаң сонымен қатар, ересектерге де өздерінің денсаулығы мен белсенді өмір салтын сақтауға мүмкіндік береді. Болашақта халықаралық жарыстарда еліміздің туын көтеретін чемпиондар осы алаңда өседі деген үмітіміз бар. Сіздерге осы жолда үлкен табыс тілеймін! – деп атап өтті аудан әкімі.

Іс-шарада сондай-ақ Марат Қамзебаев, «Ақтық» Агрофирмасы» АҚ бас директоры Руслан Ысқақов және басқа да қонақтар құттықтау сөз сөйледі.

Аталған спорт алаңы шағын футбол, баскетбол, волейбол алаңдарымен және Workout-пен қамтылған. Алдағы уақытта алаңның айналасына жасыл желек отырғызылып, маңайы абаттандырылатын болады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар