Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Облыстық бюджет нақтыланды - АРҚА АЖАРЫ

Облыстық бюджет нақтыланды

Ақмола облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында 2022 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы,  2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы сұрақтар қаралды.  Сондай-ақ, депутаттар ағымдағы жылға арналған облыстық бюджетті нақтылау мәселесін талқылады.

Отырысты аша отырып, облыстық мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіпов іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова қатысып отырғанын, аудандардағы депутаттардың бейнебайланыс режиміне қосылғанын атап өтті. Сондай-ақ, Бейбіт Жүсіпов Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес, жылдық есепті қарау және талқылау облыстық мәслихаттың және Қоғамдық кеңестің тұрақты комиссияларында жүргізілетінін, содан кейін облыстық мәслихаттың сессиясында қаралатындығын атап өтті.   Ағымдағы жылдың 27 маусымына жоспарланған сессия алдында депутаттар мемлекеттік органдардың басшыларын тыңдап, бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.

Бірінші мәселе бойынша қаржы басқармасының басшысы Талғат Бөлтенов баяндама жасады.Өткен жылы кірістер бойынша бюджет параметрлері 401 миллиард 80 миллион теңге көлемінде бекітілді. Республикалық бюджеттің көлемінің өзгеруіне, сондай-ақ, бюджет қаражатын қайта бөлуге байланысты өткен жылы облыстық бюджетті талқылау мәселесіоблыстық мәслихат сессиясында 5 рет нақтыланып, 21 рет түзетілді. Нәтижесінде кіріс 19,2 пайызға ұлғайып, 477 миллиард 972 миллион теңгеге жетті. Сонымен қатар, өткен жылы 479,5 миллиард теңгеге жуық кіріс кірген.

Ал, облыстық  тексеру комиссиясының төрағасы Қанат Есмағамбетовтың айтуынша, 2022жылдың қорытындысы бойынша облыстың экономикасы 8,4 деңгейінде өсімге қол жеткізді. Нақты сектордағы өсім 15,1 пайызды құрап отыр. Оның ішінде өнеркәсіп 134 пайызға, яғни, 1 триллион 482 миллиард теңгеге дейін ұлғайған. Республика рейтингінде облыс бірінші орында.Ауыл шаруашылығында алға ілгерілеушілік бар. Атап айтар болсақ, біздің өңір бұл сала бойынша республика бойынша екінші орында.

Комиссия отырысында пайда болған кредиторлық берешектің себептері және жұмыстағы кемшіліктерді жою жөніндегі шаралар туралы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Азамат Байқуанышев сөз алды.  Жалпы, жыл қорытындысы бойынша жоспарланған 102 бюджеттік инвестициялық жобаның 29-ыаяқталған жоқ. Оның ішінде 20 жобаның әкімшісі құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы болып табылады. Айта кету керек, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы жыл қорытындысы бойынша республикалық бюджеттен 35 миллион теңгеге жуық трансферттерді игермеген, дебиторлық берешектің ең көп сомасы 2,3 миллиард теңге көлемінде.

Жиында сөз сөйлегенАзамат Байқуанышевосы деректер бойынша қабылданған шаралар туралы тарқатып айтып берді. Басқарма басшысының орынбасары тарапына облыстық мәслихат депуттары тарапынан қойылған сұрақтар да көп. Солардың арасында Қосшы қаласында құрылысы жүріп жатқан мектептің қазіргі ахуалы туралы депутат Айнагүл Балташева сұрақ қойды. Халық қалаулысы өз сөзінде жаңа оқу жылына дейін жаңа мектептің құрылысы аяқтала ма деп алаңдайды. Себебі, құрылыс жұмыстары әлі де баяу жүріп жатқан сыңайлы.   Қосшы қаласында  облыстық маңызы бар қалаға айналғаннан бері халық саны арта түсуде. 2021 жылы қаладағы №2 мектептің  бірінші сыныбына 700 бала қабылданып,  мектеп табалдырығын жаңадан аттаған бүлдіршін балаларға арнап «Ы» сыныбы ашылғандығын да білеміз.  Мұның барлығы мектептегі орын тапшылығынан қалыптасқан жағдай болатын. Сол себепті де Қосшыға жаңа мектеп ауадай қажет екендігі айқын. Бірақ, мердігер компания құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтай алар ма екен?  Жауапты саланың басшылары құрылыс жұмыстарының жоспарға сай жүріп жатқандығын баса айтты. Халық қалаулылары құрылысы жоспарланған  студенттік жатақханалар туралы да сауал қойды.

Жиын барысында Ақмола облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының  басшысы Данияр Қуанышбаев, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Владимир Кулаков баяндады.Депутаттарды Ақмола облысының 2022 жылға арналған даму жоспарын іске асыру жөніндегі ақпаратпен экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаев таныстырды.  Бұл мәселе бойынша кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Андрей Подгурский баяндама жасады. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе – облыстық бюджетті нақтылау туралы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаевсөз сөйледі.

Отырыстың қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдармен тұрақты комиссияның қаулысы дайындалатын болады. Талқыланған мәселелер бойынша шешім облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен өтетін сессияда шығарылады.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар