– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймын!
Көне дәуірден жеткен бұл аспап халқымыздың болмыс-бітімін, салт-дәстүрі мен мәдениетін айшықтайды. Рухымызды көтеріп, мерейімізді өсірген домбыра асыл мұрамызға, ұлттың символына айналды. Біз оны жан-жақты дәріптей береміз», — деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.
Еске салайық, бүгін 2 шілде күні елімізде Ұлттық домбыра күні аталып өтеді.