Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көз көрген игі істер көңіл жадыратады - АРҚА АЖАРЫ

Көз көрген игі істер көңіл жадыратады

Ақмолалық журналистер жақсыны көру үшін баспасөз турымен Сандықтау ауданындағы Максимовка кенті мен Атбасар ауданындағы бірқатар нысандарға барып қайтты. Максимовка ауылында орналасқан «Свободное» серіктестігінің кәсіпорнында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген адамдар еңбек етеді, себебі, мұнда олар үшін тұрақты жалақы мен тегін баспана алуға мүмкіндік бар. Жалпы, аталмыш ірі кәсіпорынның арқасында 200-ден астам адам жұмысқа орналасқан.

Шаруашылық тұқым шаруашылығын қоса алғанда, дәнді және бұршақты дақылдарды өсірумен айналысады.Бірақ бұл оңтүстік және басқа аймақтардан келген адамдардың Ақмола облысының кентіне тұрақты тұруға құлшынуының жалғыз себебі емес. Ең алдымен, ауыл қонақтарының көзіне толығымен асфальтталған жолдар түседі. Максимовкада ауыл тұрғындарының сапалы өмір сүруіне барлық жағдай бар.  Онда жаңа монша, сквер, заманауи дәмхана, мектеп, балабақша және мәдениет үйі көз тартады. Жалпы, соңғы бес жылда жұмысқа орналасудың тартымды жағдайлары мен лайықты өмір сүру сапасының арқасында Максимовка кентіне жаңадан 30-ға жуық отбасы көшіп келді. Осыған орай, «Свободное»серіктестігінің басшысы Александр Закусилов кәсіпорын қызметкерлерінің 70 пайызы жергілікті тұрғындар емес, кентке көшіп, жұмысқа орналасқандар екенін айтады.

–Біздің серіктестіктежергілікті тұрғындармен қатар, басқа өңірлерден келгендер де жұмысқа орналасып, баспана алып, түпкілікті қалады. Біз өз қызметкерлерімізге уақытылы жалақы, жаңа заманауи үйлерден тегін баспана ұсынамыз. Бүгінгі таңда 10 үй, яғни, 20 пәтер орталықтандырылған сумен және жаңа жиһазбен қамтамасыз етілді. Біздің кәсіпорынның барлық қызметкерлерініңбаспаналары бар. Қазіргі уақытта жаңа үйлер орналасқан көшеде  малшылар, механизаторлар, электриктер, әртүрлі профильдегі шеберлер мен қолөнершілер тұрады. Ауылға келген жас отбасыларға пәтер бөлеміз,олар тек коммуналдық қызметтер үшін ғанаақша төлейді. Сонымен қатар, біздің серіктестікқызметкерлері үшін жатақхана іске қосылды. Ауыл тұрғындарына алда да қолдау көрсетуді жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңда  ауылда ескі үйлер көп,оларды бұзып, жаңа үйлерді салмақпыз, – дейді шаруашылық басшысы.

Максимов ауылдық округінің әкімі Ербол Атығаев кентте ауыл тұрғындарының әл-ауқатына бағытталған үлкен жұмыс атқарылғанын, бұл жұмыстар жалғасатынын атап өтті.

— Біздің ауылымыз адамдарды  жұмысқа орналасу жағдайымен тартады. Сонымен қатар, біз оның одан әрі өркендеуі үшін жұмыс істеп жатырмыз. Дәлірек айтсақ, тұрғындар бос уақыттарын сапалы өткізуі үшін орталық алаңға күрделі жөндеу жүргізуді жоспарлап отырмыз. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының арқасында Максимовкада мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізілді, сондай-ақ, көшелерге жаңа сапалы асфальт төселді. Мәдениет саласы қарқынды дамуда. Келесі Жеңіс мерекесіне орайластырып, боздақтарға ескерткіш орнату жұмыстары да қолға алынған. Аудандық әкімдікпен бірлесіп, орта мектеп аумағында балалар ойын алаңын салу, сол арқылы халықтың барлық санаттарына жағдай жасау жоспарлануда,−деп ой бөлісті әкім.

Ауылда жастардың салауатты өмір салтын ұстануы  үшін барлық жағдай жасалған. «Свободное» серіктестігінің иелері жаңа мұз аренасын салып, жас спортшыларға хоккеймен айналысуға мүмкіндік туғызды. Мұнда хоккейден басқа, мәнерлеп сырғанау, коньки тебу бойынша барлық спорттық іс-шараларөткізіледі.Максимовка кентінің хоккей командасыөздеріне жасалған қолайлы жағдайлардың арқасында республикалық жарыста екінші орынды иеленді. Ауылдың мәдени өмірі белсенді дамып келеді. Жаңа мәдениет үйінен басқа ауыл тұрғындары мұражайда әртүрлі дәуірлердің тарихын баяндайтын қызықты экспонаттармен танысады. Алдағы уақытта,  жергілікті билік өкілдері мешіт салуды жоспарлауда.

Бұдан әрі баспасөз туры бағдарламасы бойынша журналистер Атбасар ауданына аттанып, ондағы көкөніс қоймасының құрылысымен танысты.  Аталмыш нысан 10 мың тоннаға дейін көкөніс сақтауға мүмкіндік береді.

−Бұлғимарат еуропалық технологиялар бойынша салынуда. Біз қажетті жабдықтарды Германиядан әкелдік. Көкөністерді сақтаудың ыңғайлылығы үшін қойма 16 секторға бөлінеді, олардың әрқайсысының көлемі 618 тонна сыйымдылықты құрайды.Нысанда желдету жабдықтары және температура датчиктері орнатылады. Ол ауа температурасы мен ылғалдылығын бақылайды. Яғни, картопты сақтау үшін қажет,−дейді «Шуйское ХХІ»  серіктестігінің бас директоры Алтынбек Құрманқұлов.

Айта кету керек, жыл сайын  Шуйское ауылын дамыту үшін қомақты қаржы бөлінеді. Осыған орай, мұнда халық саны жыл сайын өсіп келеді. Сонымен қатар, негізінен,жұмысқа орналасу үшін жастар да көптеп қоныс аударуда. Қазіргі уақытта зоотехниктер мен мал дәрігерлерінжұмысқа алуға баса назар аударыла бастады. Олардың көмегімен ауылда мал шаруашылығын дамытуға күш салынбақшы.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Сандықтау, Атбасар аудандары.

Суретте: Максимовка селосындағы жаңа үйлер.

Суретті түсірген Рамиль ДУСУМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар