Жанды қарым-қатынас, тәжірибе алмасу

Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары «AMANAT» партиясынан барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының бірінші республикалық форумына қатысты.  Форумға 3 мыңға жуық адам жиналды, оның 2,5 мыңы – жергілікті өкілді органдардың  депутаттары.

Іс-шара ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов, Мемлекеттік хатшы Ерла Қарин, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың, Үкімет мүшелерінің және басқа да лауазымды тұлғалардың қатысуымен өтті.

«Форум жаңадан сайланған депутаттар үшін үлкен диалог алаңына айналды. Талқылауға биліктің өкілді тармағын дамытудың ең өзекті мәселелері, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасында көрініс тапқан сайлаушылардың өтініштерін орындау үшін депутаттардың мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимылына арналған құралдар шығарылды.

Өңірлерден келген депутаттар үшін бұл форум тұрғылықты жерлерде өз қызметтерінің тиімділігін арттыру үшін көптеген пайдалы ақпарат берді. Елімізде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүргізілген ауқымды конституциялық, саяси реформалардан, «AMANAT» партиясын трансформациялаудан кейін жаңа міндеттер тұрғанын бәріміз түсінеміз. Өңірлердегі мәслихаттардың жұмысын қайта форматтау, жаңадан сайланған депутаттардың, ең алдымен өз жерлестерінің алдындағы жауапкершілігін арттыру қажет», – деді облыстық мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіпов.

Іс-шара аясында түрлі бағыттар бойынша диалог алаңдары ұйымдастырылды. Барлық деңгейдегі мәслихаттарда Қазақстан халқының мүдделерін білдіретін депутаттары орталық мемлекеттік органдардың басшыларына, ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенаты комитеттерінің төрағаларына және депутаттарына тікелей сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.

Әріптестермен жанды қарым-қатынас, тәжірибе алмасу Ақмола облысының депутаттық корпусының жұмысына жаңа серпін береді, деп сенеді форумға қатысушылар.

 Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар