Әлеуметтік шиеленістің ошақтары бақылауда

Ішкі саясаттың өзекті және проблемалық мәселелері Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Айнагүл Балташеваның төрайымдығымен осы комиссияның кезекті отырысында қаралды.

Ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Алиннің айтуынша, бүгінде облыста өңірлік сипаттағы әлеуметтік-экономикалық проблемаларға байланысты әлеуметтік шиеленістің төмен деңгейі байқалады.  Әлеуметтік шиеленіс ошақтарының картасында 240-тан астам мәселелер бар. Инфрақұрылым, үлестік құрылыс проблемалары, жер даулары, мал жаюға арналған жайылымдардың тапшылығы және тағы басқа сұрақтар ерекше бақылауда. Құқыққа қайшы материалдарды анықтау және таратудың жолын кесу мақсатында медиа-кеңістікке тұрақты мониторинг жүргізіледі.

Халықтың тіл мәдениетін арттыруға, ұлттық рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған көптеген іс-шаралар өткізіледі. 2023 жылы Ақмола облысы бойынша идеологиялық ескірген атаулары бар 59 елді мекен мен 282 құрамдас бөліктің атын өзгерту жоспарлануда. Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының жанынан 8 қоғамдық құрылым, сондай-ақ, консультативтік-кеңесші орган – Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының Кеңесі жұмыс істейді.Оның құрамында 27 адам бар.

Комиссия отырысында сондай-ақ, дін істері басқармасының басшысы Алмаз Мұқажанов баяндама жасады. 2021-2023 жылдарға арналған дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі кешенді жоспарды орындау мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 5 әлеуметтік жоба жұмыс істейді. Діни қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру бойынша 24 ақпараттық-түсіндіру тобының тұрақты жұмысы ұйымдастырылды.

Отырыста тұрақты комиссия мүшелері бірқатар ұсыныстар енгізді, соның ішінде идологиялық жұмысты күшейту, халықтың теологиялық сауаттылығын арттыру, тағы басқа мәселелер қамтылды.Сонымен қатар, дін саласындағы проблемалық сұрақтар бойынша ақпарат назарға алынып,  басқарма басшысы қайта тыңдалатын болады деп шешті депутаттар.  Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданды.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар