Біздің веб-сайт жұмысты жақсарту және жарнамаларды көрсету үшін cookie файлдарын пайдаланады (бар болса). Біздің веб-сайтта Google AdSense, Google Analytics, Youtube сияқты үшінші тараптардың cookie файлдары болуы мүмкін. Веб-сайтты пайдалану арқылы сіз cookie файлдарын пайдалануға келісесіз. Біз Құпиялылық саясатымызды жаңарттық. Біздің Құпиялылық саясатымызды тексеру үшін түймені басыңыз.

Жарты жылда ел экономикасы 5% өсті

– Биылғы бірінші жартыжылдықтың қортындысы бойынша, Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 5% құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында баянда-ды.

«Биылғы бірінші жартыжылдықтың қортындысы бойынша, Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 5% құрады. Оның ішінде нақты сектор 4,8%, қызмет көрсеу саласы – 4,9% өсті. Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалды. Әсіресе құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс ең жоғары өсуді көрсетті», – деді миинстр.

Оның айтуынша, негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 13%, инвести-циялар ағыны көлік және қоймалауда – 57%, саудада – 32%, ауыл шаруашылығында – 22%, білім беруде – 21,5% сондай-ақ өнеркәсіпте – 10,9%, оның ішінде тау-кен өнеркәсібін-де – 11,4% өсті.

Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Абай, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында байқалды.

«Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылғы қаңтар-мамырда сыртқы сауда тауар ай-налымы 8%-ке өсіп, 55,8 млрд долларды құрады. Экспорт 31,6 млрд долларды құрады. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 3,8%-ке ұлғайып, 10,2 млрд долларға жетті. Тауар-лар импорты 24,2 млрд долларға жетті. Жалпы, оң сауда балансы 7,4 млрд долларға тең», – деді Әлібек Қуантыров.

Loading

By Арқа ажары

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар