Тамызда Ақмола облысындағы 8 ауыл мен Ақкөл қаласының әкімін сайлау өтеді

– 13 тамызда Ақмола облысына қарасты 8 ауылдық округ пен Ақкөл қаласының әкімдерін сайлау өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақолмоладағы 8 аумақтық сайлау комиссияларының қаулыларына сәйкес, 13 тамызға келесі елді мекен әкімдерін сайлау тағайындалды:

– Көкшетау қаласы Красный яр ауылдық округінің әкімін сайлау;

– Ақкол ауданы Ақкөл қаласының әкімін сайлау;

– Аршалы ауданы Түрген ауылдық округінің әкімін сайлау;

– Есіл ауданы Интернациональный ауылдық округінің әкімін сайлау;

– Жақсы ауданы Калининский ауылдық округінің әкімін сайлау;

– Зеренді ауданы Садовый ауылдық округінің әкімін сайлау;

– Сандықтау ауданы Барақпай, Веселое ауылдық огругтерінің әкімдерін сайлау;

– Целиноград ауданы Мәншүк ауылының әкімін сайлау.

«Сайлау тағайындау туралы, шекаралары көрсетілген сайлау округтерін құру туралы қаулылар және сайлауды өткізуге дайындалу және өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары көрсетілген қалалар мен аудандардың аудандық сайлау комиссияларының интернет-сайттарында орналастырылды және қалалық, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады», – делінген Ақмола облыстық әкімдігінің сайтында жарияланған хабарламада.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар