Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Металлург күнімен құттықтауы

Құрметті металлургтар және сала ардагерлері!

Сіздерді Металлург күні – кәсіптік мерекелеріңізбен құттықтаймын!

«Отты» мамандықтың адамдары жерлестерінің арасында әрдайым ерекше құрметке бөленіп келді. Өйткені, темірді балқыту әрқашан айрықша батылдықты талап етеді. Бұл мерекені балқытушылар, металлургтар ғана емес,  сонымен бірге, руданы шығарып, байытатын, оны өңдейтін тау-кен қызметкерлері де,  темір өндірісіне қатысты басқа көптеген мамандықтардың өкілдері де өз мерекесі деп санайды.

Біздің өңір үшін металлургия – базалық өндірістік салалардың бірі. Облыс экономикасының даму қарқыны, оның бюджеті, әлеуметтік және инвестициялық бағдарламаларды табысты іске асыру, біздің азаматтардың әл-ауқаты көптеген жағдайда металлургиялық компаниялардың жұмыс нәтижелеріне байланысты болып келеді.

Қымбатты металлургтар!

Бүгінгідей мереке күні Сіздердің жанқиярлық ауыр жұмыстарыңыз, шеберлік пен кәсібиліктеріңіз, таңдаған іске берілгендіктеріңіз үшін шынайы алғыс сөзімді қабыл алыңыздар.

Әсіресе, облыс және бүкіл Қазақстанның экономикасының дамуына елеулі үлес қосқандары үшін біздің өңірдің сала ардагерлеріне, құрметті металлургтарына ерекше ризашылығымды білдіргім келеді.

Сіздерге кәсіптік мерекелеріңізде шын жүректен барлық жақсылықты тілеймін. Әрдайым бейбітшілік, тұрақтылық пен ертеңгі күнге сеніміміз салтанат құрсын, денсаулықтарыңыз зор, отбастарыңызда бақ пен береке мол болсын!

***

Құрметті металлургия саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

 Ақмола облыстық депутаттық корпусы  атынан және өз атымнан сіздерді кәсіби мереке – Металлург күнімен құттықтаймын!

Металлургия – ұлттық экономиканың негізгі салаларының бірі, онда бүкіл ел еңбектерін мақтан тұтатын, өз ісіне берілген, батыл және жауапты адамдар жұмыс істейді. Сала қызметкерлерінің еңбекқорлығы, кәсібилігі, жанқиярлығы терең құрмет пен шынайы алғысқа лайық.

Осы күрделі кәсіптің өкілдері өз жұмыстарымен Ақмола облысының қарқынды дамуына, бүкіл Қазақстанның әл-ауқатының артуына елеулі үлес қосуда. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен жоғары шеберліктеріңіз алдағы уақытта да еліміздің өркендеуіне септігін тигізетініне сенімдімін.

Осы мереке күні саланың барлық қызметкерлеріне күнделікті еңбектері мен өз ісіне адалдықтары үшін алғыс айтамын. Өңірдің экономикалық әлеуетін нығайтуға қосқан үлестері үшін саланы дамытудың бастауында тұрған ардагерлерге, еңбек сіңірген металлургтерге ерекше алғыс.

Құрметті достар! Сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға зор денсаулық, бақыт пен амандық, еліміздің өркендеуі үшін жаңа табыстар тілеймін!

 Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар