Асанәлі Әшімов пен Максим Журавлев үздік шықты

Алматы қаласында оқушылар арасында робототехникаданөткен халықаралық чемпионаттаақмолалықтар үздіктер қатарынан көрінді.

«International Haileybury First championship – 2023»атты робототехникадан өткен халықаралық чемпионатқа облыс атынан қатысқан бұландылық оқушылар Асанәлі Әшімов пен Максим Журавлев Никольск ауылының № 2 жалпы білім беретін мектебінде білім алады. Олар ақмолалық информатика пәнінің мұғалімі А. Цимбалдың жетекшілігімен аталмыш чемпионатта «Үздік команда» және «Үздік ментор» аталымдарын жеңіп алды.

Іс-шараны Алматы қаласы білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы «USTEM robotics» қорымен және Haileybury Almaty халықаралық мектебімен бірлесіп өткізді. Чемпионаттың негізгі мақсаты – оқушылар арасында ғылым, технология, инженерия және математика (STEM) саласындағы дағдыларды дамыту, ғылым, технология және техника саласында шетелдік ұжымдармен тәжірибе алмасу,  шет елдердің білімді жастарымен қарым-қатынас орнатып, ынтымақтастық байланысты нығайту. Чемпионатқа Қазақстан, Біріккен Араб Әмірліктері, Қырғызстан және Өзбекстаннан 10-18 жас аралығындағы 250-ден аса оқушыны қамтитын 36 мектеп командалары қатысқан көрінеді.  Сайыстар екі санат бойынша, яғни, лего лигасының алғашқы сынағы және техникалық сынақ санаттары бойынша ұйымдастырылды.

Жарыс жеңімпаздары мен аталымдар бойынша үздік деп танылғандар Алматы қаласының білім басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Сондай-ақ, үздік нәтиже көрсеткен оқушыларға Қазақстан-Британ техникалық университеті мен «Тұран» университетінің білім гранттары табыс етілді.

–Чемпионатта біз Пәкістан мен Біріккен Араб Әмірліктері командаларымен таныстық. Алматы қаласы бойынша қызықты экскурсия жасап, Haileybury халықаралық мектебіне бардық. Байқауға қатысушылардың негізгі міндеті табиғат жағдайында максималды энергия жинайтын және сақтайтын робот жинау болды, –дейді біздің оқушылар.

–Робототехника саласындағыхалықаралық чемпионат жобалардың техникалық аспектілерін ғана емес, сонымен қатар, командалардың креативтілігін, тиімділігін және бірлесіп жұмыс істеу қабілетін бағалайтынбайқау болып табылады.Бұл – жарысты одан әрі қызықты және тартысты етеді,–дейді облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Индира Қалымжанова.

Чемпионат қорытындысындаақмолалық командаұйымдастырушылар тарапынан биыл қараша айында өтетін кезекті жарысқа шақырту алды. Бұл дарынды балалар биыл көктемде Қырғызстанда өткен халықаралық байқауда да телефон тәрізді құрылғыларды зарядтауға арналған қол генераторы жобасын ұсынып, үшінші орын иегерлері атанған болатын.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар