Басты мәселе – аудан тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіповтің Егіндікөл ауданына жұмыс сапары аудан әкімі Ерлан Мұхамединмен кездесуден басталды.Әңгіме барысында өңірдің басты проблемалық мәселесі – сумен қамтамасыз етудің жолдары талқыланды.

Өздеріңіз білетіндей, ауданда су тапшылығы өте өткір, бұл мәселені шешу үшін Үкіметтің көмегі керек. Сондықтан да осы жылдың көктемінде облыстық мәслихат депутаты А.Ошақбаев Экология министрлігіне барды. Ақмола облысы бойынша сенаторлар Н.Бекенов пен Т.Жүнісов депутаттық сауал жасады.Үкімет бұл мәселеде бізді қолдайды деп үміттенеміз», – деді Бейбіт Айтымұлы­.

Сонымен қатар, Егіндікөл ауданының ағымдағы жағдайы және одан әрі әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларыталқыланды.

Аудандық мәслихат депутаттарымен Б. Жүсіпов депутаттық қызметті жандандыру бойынша ұсынымдар мен ауданда іске асырылып жатқан жобаларды талқылады. Әріптестер облыстық бюджеттен қаржыландыруды талап ететін бірқатар депутаттық сауалдарды, атап айтқанда, келесі қаржы жылына жоспарланған Егіндікөл ауылындағы орта мектепті күрделі жөндеу мәселесін қолдауды сұрады.

Мәслихат төрағасының жұмыс сапары «AMANAT» партиясының аумақтық филиалында азаматтарды қабылдаумен аяқталды. Егіндікөл ауданының тұрғындары көптеген сұрақтар қойды, соның ішінде – кітапханалардың кітап қорын жаңарту, материалдық-техникалық базаны нығайту және кітапхана жүйесіндегі жалақыны арттыру мәселелерін көтерді.

Астрахан ауылының тұрғыны Қ.Жүсіпбекова микрокредит мәселесі бойынша жүгінді.  2019 жылы ол туысының өтініші бойынша өз атына несие алған, бірақ, әпкесіқарызды төлеуден бас тартқан, ал, қазір банк оныңжалақы картасынан ұстайды. Өтініш берушіні тыңдап, төлемақыныБейбіт Айтымұлы Ақмола адвокаттар алқасының өкілі А.Әміржановпен сөйлесіп, қажетті заң көмегін көрсетуді өтінді.

Б.Әміреева Жаңа Колутон ауылындағы жарықтандыру мәселесінайта келіпті. Ағымдағы жылдың маусым айында мердігерлер ауылда тіректер орнатты, бірақ, электр қуатын әлі қосқан жоқ. Аудан әкімдігі түсіндіргеніндей, жобаның жалпы құны – 34 миллион теңге. 2023 жылы облыстық бюджеттен 15 миллион теңге бөлінді, «Семей Строй электро-2005» ЖШС жоспарланған жұмыс көлемін 100 пайызға орындады. Қазіргі уақытта құрылыс бөлімі электр желілерін қосуға 18,970 миллион теңге сомасына бюджеттік өтінім берді. Бюджетті нақтылау кезінде қаражат бөлінуі тиіс. Сондықтан, ауыл тұрғындары аздап шыдамдылық танытуы керек.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар