Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Министрдің қолынан батылдығы үшін медаль алды - АРҚА АЖАРЫ

Министрдің қолынан батылдығы үшін медаль алды

NIS оқушысы Аслан Гималетдинов «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалі және «Қамқор жүрек» марапатын иеленді.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында Петропавлдағы NIS оқушысы Аслан Гималетдиновті «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапаттады. 15 жасар Аслан батылдық танытып, батып бара жатқан жасөспірімді ажалдан арашалап қалды.

– Еліміздегі азаматтық қорғау ұйымдары тосын жағдайларда әрқашан Аслан секілді қайсаржандардың көмегіне сүйсінеді. Оның ерлігі сөзсіз құрметке лайық. Төтенше жағдайлар министрлігі мұндай батырларды назардан тыс қалдырмайды. Ал, орын алған оқиға жылдың кез келген мезгіліндесудағы қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін дәлелдеп отыр, – деді марапаттау рәсіміндеСырым Шәріпханов.

Сондай-ақ NIS Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин оқушыға «Қамқор жүрек» марапатын табыс етті.

– Асланның ерлігі NIS құндылықтарын айқын көрсетеді. Білім мен тәрбиені ұштастырған«Қоғамға қызмет ету» жобасы аясында да шәкірттеріміз көмекке мұқтаж жандардың жанынан табылып жатады.Зияткерлік мектептер адамзат пен қоршаған ортаға қамқор бола алатын оқушыларды тәрбиелеуге әркез күш салады, – деді Әнуар Жанғозин.

NISжәне ТМЖ өкілдері Асланның ата-анасы Рустам мен Сандуғаш Гималетдиновтерге ержүрек азаматтытәрбиелегені үшін ерекше алғыс білдіре келе, жас құтқарушыға естелік сыйлықтар табыс етті.

– Жағалауда велосипедпен серуендеп жүргенімде көмекке шақырған балалардың даусын естіп, біреудің батып баражатқанынтүсіндім. Ойланбастан жүгіріп барып, суға сүңгіп, баланы жағаға алып шықтым, – дейді Аслан.

Аслан Гималетдинов – мектептегі белсенді балалардың бірі, өз ісіне әркез жауапты, замандастарының арасында сыйлы. Ол осы жасында текбілімімен ғана емес, музыкажәне спорттағыжетістіктерімен де көзге түсіп үлгерді. Домбыра тартады, волейболмен айналысады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар