Қаланы ауыз сумен жабдықтауда қолдау күтіледі

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов Степняк қаласына жұмыс сапары барысында Біржан сал ауданының әкімі Достанбек Есжановпен кездесіп, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.

Аудандық мәслихат депутаттарымен кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәуірдегі жиналыста, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановтыңсондай-ақ, барлық деңгейдегі депутаттардың бірінші республикалық форумында қойған міндеттері аясында өкілді билік органдарының жұмыс форматын өзгерту бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

«AMANAT» партиясы аумақтық филиалының қоғамдық қабылдауына ауданның бірнеше тұрғыны жазылды. Олар Степняк қаласында орталықтандырылған кәріз және су құбырын салу туралы сұрақтарды көтерді. Аудан әкімі түсіндіргеніндей, бүгінгі күні Степняк қаласын сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, жоспарланған жұмыстардың құны – 2,8 миллиард теңге. Сонымен қатар, кәріз сорғы станциясының құрылысына ЖСҚ әзірлеу аяқталу сатысында.  Әрине, аудан орталығының тұрғындары осы жобаларды қаржыландыруды қолдауды күтуде.

Абаттандыру мәселесіне келетін болсақ, ағымдағы жылы әзірленген жоба шеңберінде көзделген 217 миллионтеңгеден 30 миллион теңге бөлінген. Өтініш білдірушілер облыстық мәслихат депутаттарынан қалған қаражатты бөлуді қолдауды сұрады. Біржан сал ауданының тұрғыны С.Шалабаев «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несиелеудің қатаң критерийлері туралы айтты.

Барлық мәселелер бойынша түсініктемелер беріліп, орындау бақылауға алынды. Жұмыс сапарына облыстық мәслихат депутаты Клара Меңдібаева да қатысты.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар