Өзекті мәселелер қаралып, талқыланды

Облыстық мәслихаттың төрағасы Бейбіт Жүсіпов жұмыс сапарыменБурабай ауданында болып, депутаттық корпустың жаңа құрамымен кездесті, оның барысында өкілетті органның алдында тұрған міндеттерді саралап, мәслихат жұмысының жай-жапсары мен бағыт-бағдарына қанықты. 

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Бегахмет Махметовпен әңгіме барысында істердің ағымдағы жағдайы, халық қалаулыларының жергілікті атқарушы органдармен ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Аудандық мәслихат депутаттарымен кеңеске облыстық мәслихат депутаты Бауыржан Сүлейменовқатысты. Бурабай аудандық мәслихатының төрайымы Марпуға Нұрпанова депутаттық корпустың бірінші жартыжылдықтағы жұмысы туралы баяндады. Өңір үшін облыстық деңгейде шешуді және облыстық мәслихаттың қолдауын талап ететін аса маңызды және өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, бюджеттік комиссиялардың құрамына депутаттарды қосу, мердігерлердің міндеттемелерін орындау бөлігінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңды пысықтау, білім беру және медицина денсаулық сақтау салаларында кадрлардың жетіспеушілігі туралы сөз болды. Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар басшыларын тыңдау кестесін жасай отырып, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының қызметін күшейту, партиялық және жеке сайлау алдындағы бағдарламаларды іске асыру жөнінде шаралар қабылдау, жүргізіліп жатқан жұмыс туралы халықты хабардар етуді жандандыру сияқты бірқатар ұсынымдар қабылданды.

–Жалпы, әріптестермен кездесу аудандағы Марпуға Нұрпанова басқаратын депутаттық корпустың жас, креативті екенін көрсетті. Аймақ мәселелерін шешуге, халықпен тығыз қарым-қатынас жасауға деген шынайы қызығушылық сезіледі. Аудан базасында облыстың басқа өңірлеріндегі депутаттар үшін тәжірибе алмасу бойынша облыстық семинар өткізу ұсынылды, – депой бөлісті Б. Жүсіпов.

«AMANAT» партиясының аумақтық филиалында өткен  азаматтарды қабылдауға Зеленый бор ауылынан келген О. Голубева ауылдық мәдениет үйін жөндеу бойынша, Наурызбай батыр ауылының тұрғыны Ш.С. Өтебаев ауылды  сумен жабдықтау мәселесі бойынша жүгінді.

Жұмыс сапарының соңында Бейбіт Айтымұлы Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясында болды, онда шатыр, қасбет және терезелер күрделі жөндеуден өтуде. Бурабайлықтар көтерген барлық мәселелердің орындалуыоблыстық мәслихаттың бақылауына алынды.

 Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар