Жеті отбасы – жеңімпаз!

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын анықтау жөніндегі облыстық комиссияның отырысы болып өтті.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының мақсаты – адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) оң имиджін дамытуға, отбасы мәртебесін арттыруға, кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз және қарт ата-аналарға қамқорлығын көрсету және кеңінен насихаттау мен қазақстандық отбасының оң имиджін қалыптастыруға бағытталған. Байқау 2014 жылдан бері өткізіліп келеді.

Ағымдағы жылы аудандық деңгейдің қорытындысы бойынша 86 өтінім берілді. Оның ішінде 45 отбасы өз бетінше, 41 отбасы мемлекеттік орган, яғни, ішкі саясат бөлімдері арқылы өтінім берді.

Аудандық деңгейдегі комиссия отырысы өткізілгеннен кейін 12 ауданнан 18 қатысушы отбасы облыстық деңгейге өтті. Олар, Атбасар, Астрахан, Ақкөл, Бурабай, Біржан сал, Ерейментау, Жарқайың, Зеренді, Қорғалжын аудандарынан бір-бір қатысушыдан болса, Жақсы, Бұланды, Целиноград  аудандары мен Степногорск және Қосшы қалаларынан екі адамнан қатысқан отбасылар. Сөйтіп, ағымдағы жылдың 18 шілдесінде облыстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша 7 жеңімпаз отбасы анықталды. Гран-приді Қосшы қаласынан Қазанғаповтар отбасы жеңіп алса, Біржан сал ауданынан келген Сатыбалдиновтар отбасы 1 орын, Зеренді ауданынан Албаевтар отбасы 2 орын, Қосшы қаласынан Мәулет отбасы 3 орындарды иеленсе, үш ынталандыру сыйлығы Бұланды ауданынан Жириявтар отбасына, Атбасар ауданынан Лутошкиндер отбасына және  Степногорск қаласынан келген Әубәкіровтар отбасына  табыс етілді.

Қыркүйек айында Гран-при иегерлері Қазанғаповтар отбасы қазақстандық отбасы күніне арналған республикалық іс-шараларда Ақмола облысының атынан қатысып, ел намысын қорғайтын болады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар