Депутаттардың өкілеттіліктері кеңейіп келеді

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов Ақкөл ауданында жұмыс сапарымен болып, жаңа депутаттық корпустың өңірде жүргізіп жатқан жұмысымен танысты.

Ақкөл аудандық мәслихатының төрайымы Жұлдызай Салыбекова мен облыстық мәслихаттың депутаты Алмаз Мұхамедьяевтың қатысуымен депутаттардың жұмыс кеңесі барысында мемлекеттік органдардың басшыларын тыңдауға, бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуына, мемлекеттік бағдарламалардың, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасы жобаларының іске асырылуына мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретінмәслихаттың өкілеттіліктері талқыланды. Осыған байланысты Бейбіт Айтымұлы депутаттық корпустың жұмысын жоспарлау, тұрақты комиссиялардың қызметін жандандыру бойынша бірқатар ұсыныстарды жеткізіп, депутаттар халық пен билік арасындағы берік көпір болуға тиіс екенін атап өтті.

– Бұған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та назар аударып, халық қалаулыларына  кең өкілеттіктер беріп, қарқынды нәтиже күтуде, – деп нақтылады Б.Жүсіпов.

Депутаттар Кеңес және Барап ауылдарының мектептерін, Ақкөл қаласындағы бассейнді жөндеу бойыншааудандық жобаларды қолдауға өз тілектері мен өтініштерін айтты. –Әрине, облыстық мәслихат осы мәселелердің барлығын жобалық-сметалық құжаттамалар және бюджеттік өтінім болған жағдайда қарауға және қолдауға дайын, – деді Бейбіт Айтымұлы.

Сонымен қатар, Б.Жүсіпов жөндеуді қажет ететін Ақкөл орталық аудандық ауруханасының жұмысымен танысты. Сондай-ақ, мәслихат төрағасы «AMANAT» партиясының Ақкөл аумақтық филиалында жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдады. Өрнек ауылының тұрғыны С.Әбдікәрімов ауыл мектебін ағымдағы жөндеуге көмек сұрады, бұл мақсатқа 17 миллион теңге қажет. «Сома аз болғандықтан, бұл мәселені білім беру басқармасы өз бюджеті шегінде үнемдеу есебінен шеше алады деп ойлаймын», – деді бұл мәселе жөнінде Б.Жүсіпов.

Домбыралы ауылының тұрғыны Л.Харченко мектепті жөндеуге жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауға қаражат бөлуге көмек сұрады.  Қаражат ағымдағы жылы бөлініп, бюджеттік өтінім бейінді ведомствоға жіберіледі. Өтініш білдіргендердің барлық сауалдарының орындалуы облыстық мәслихаттың бақылауына алынды.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар