Ресейдің Екатеринбург қаласында «ИННОПРОМ» XIII халықаралық өнеркәсіп көрмесі болып өтті. Оған шамамен 25-ке жуық шетел өкілдері, соның ішінде ресми, іскер топтардың делегаттары, дипломаттар, сарапшылар және сауда өкілдері қатысты.
Биылғы іс-шара «Тұрақты өндіріс: жаңару стратегиялары» тақырыбына арналды. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов басқарды.
Өз кезегінде Ақмола облысы көрмеге жеті компанияны ұсынды. Олардың ішінде атап айтқанда, «ТЫНЫС» АҚ, «Макинск жылу оқшаулау зауыты» ЖШС, «Азия сүзгі» ЖШС және «Sky EXPRESS ELEVATOR» ЖШС, «KAZROST Enginering Ltd» ЧК., «КАМАЗ Инжиниринг» АҚ, «CAPITAL INDUSTRY» ЖШС сияқты қатысушылар болды. Өңірдің өнеркәсіп орындары халықаралық компаниялармен «ИННОПРОМ» көрмесі аясында 50-ден астам кездесу өткізіп, шамамен 4 миллиард теңгенің өнім жеткізу шарттарына қол қойды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.