Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі орыс тілінде сахналанды 

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Ақмола облыстық орыс драма театрында болып, көрермендермен бірге «Лютый» спектаклін тамашалады.

Режиссер Тимур Куловтың қойылымы адам мен қасқырдың ара-қатынасын, кейбір сәттерде олардың қызығушылықтарының ұқсастығын көрермен үшін ерекше вестерн жанрында көрсетті. Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің қасқырды күшік кезінде ауылға әкеліп, бағып-қаққан Құрмаш бала туралы «Көксерек» әңгімесі 1929 жылы жазылған. Әлемдік жауһарлар қатарына қосылған шығарма көптеген шет ел тілдеріне аударылып, оның желісі бойынша «Көксерек» атты көркем фильм түсірілген.

Спектакль бірқатар халықаралық фестивальдердің қатысушысы және дипломанты, соның ішінде Ресей Федерациясының Буинск қаласында өткен Халықаралық театр фестивалі мен Орталық Азия елдерінің VIII Халықаралық театр фестивалінде «Үздік режиссура» номинациясының жеңімпазы, ал, Санкт-Петербург қаласында  А.А.Брянцева атындағы ЖКТ ХХІV Халықаралық театр фестивалінің лауреаты атанған.

Спектакльді тамашалаған өңір басшысы театр ұжымын табысты өнер көрсетуімен құттықтап, шығармашылық табыс пен жарқын қойылымдар тіледі.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар