Орталық жұмысы халықаралық талапқа сай келеді

Ақмола облыстық СПИД, яғни, АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының диагностикалық зертханасы Ұлттық аккредиттеу орталығының СТ ISO 15189-2015 талаптарына сәйкес тиісті аккредиттеуден өтті.

Ақмола облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының бас дәрігері Құрманбек Бұрмағанов мұны аталмыш орталықтың үлкен жетістігі деп атап өтті.

− Енді биоматериалдарды алу және АИТВ, В,С вирустық гепатитін диагностикалау біздің орталықта халықаралық стандарттар бойынша жүргізілетін болады, − деді ол.

Айта кетсек, орталықтың диагностикалық зертханасы иммуноферменттік талдау, клиникалық-биохимиялық, иммунологиялық зерттеулер және полимеразды тізбекті реакция сияқты бөлімшелерден тұрады. Ол халықаралық талаптар бойынша, зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи автоматты жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған.

Ағымдағы  жылдың бірінші жартыжылдығында орталық АИТВ-ға 78 мыңнан астам, вирустық гепатитке 40 мыңнан астам және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға 1 мыңнан астам тест жүргізді.Жоғары біліктілік санатындағы зертханашы дәрігер Людмила Маслованың айтуынша, аккредиттеу аттестатын беру зерттеудің тиімділігі мен сапасын арттыру үшін барлық міндеттердің орындалғанын білдірмейді.

Дегенмен, зертхананың күнделікті тәжірибелік қызметінде зертхана мамандарының кәсіби шеберлік деңгейі, халықаралық стандартқа сай заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі және жыл сайынғы стандарт талаптарына сәйкестігіне аудит жүргізу сынды қойылатын өзіндік жоғары талаптары бар.

Сонымен бірге, аккредиттеу процесі аккредиттеу органының өтініш берушінің сәйкестікті бағалаудың белгілі бір саласындағы жұмыстарды орындау құзыретін ресми тану рәсіміне жатады. Қазақстан Республикасының  СТ ISO 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» стандартыелімізде 2016 жылы 1 қаңтардан бастап енгізілді. Осы стандарттың негізгі мақсаты меншік нысанына және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, денсаулық сақтау саласындағы зертханалық қызметті дамыту және жетілдіру болып табылады.

Медициналық зертханалардың стандартты енгізуі тұтынушыға халықаралық деңгейде медициналық қызметтер көрсету кезінде жүргізілетін зерттеулердің жоғары дәлдігіне кепілдік беріп, сондай-ақ, денсаулық сақтау саласындағы медициналық мекемелердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Медициналық ұйымның бас дәрігері атап өткеніндей, бүгінде орталықта қан алу кабинетінен бастап нәтижелерді беруге дейінгі сапалы зертханалық зерттеулер жүргізу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды.

– Өз жұмысына берілген, жеке және кәсіби құзыреттілігін дамыту жолында үнемі ізденіс үстінде жүрген білікті медицина қызметкерлері, АИТВ инфекциясы, вирустық гепатит диагностикасы, сондай-ақ,  АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың иммундық мәртебесі  мен вирустық жүктемесін анықтауға арналған заманауи медициналық жабдықтар, барлық стандарттарға сай бөлмелер біздің орталықтың жетістігі мен халықаралық мойындалуының құрамдас бөліктеріне айналды, − деді Құрманбек Жұмабекұлы.

Медицина қызметкерлері адам денсаулығына қауіпті вирусты ертерек анықтау емдеуді уақытылы бастауға, пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға және инфекцияның таралуын болдырмауға мүмкіндік беретінін еске салады. АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың өмірін сақтау тестілеуден басталатынын және бұл үшін орталықта барлық қажетті жағдайлар жасалғанын түсіну өте маңызды.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар