Аурухананы тығырықтан  шығарудың  жолдары   қарастырылды

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов жұмыс сапары аясында бірнеше жыл бойы қаржылық қиындықтарға тап болып келе жатқан Степногорск көпсалалы қалалық ауруханасында болып, қазіргі  жағдайға  қанықты.

Бұған дейін онда облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер, экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссияларының мүшелері де болған. Содан кейін комиссиялардың бірлескен отырысы өткізілді, онда депутаттар мемлекеттік органдардың қатысуымен аурухананың өзекті мәселелерін қарап, дағдарыс жағдайынан шығу бойынша бірқатар ұсыныстарды әзірледі. Солқадамдардың бірі –мекеменің меншік нысанын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыннан МКК-ға ауыстыру туралы шешім. Бұдан басқа, облыс әкімдігі Степногорск ауруханасына ауданаралық аурухана мәртебесін беру туралы қаулы шығарды, бұл көрсетілетін қызметтер тізбесін кеңейтуге, мекемені жетіспейтін жабдықтармен жарақтандыруға мүмкіндік береді. Ғимараттың бір бөлігі жеке меншік иелеріне жалға берілді, сондай-ақ, аурухана базасында медбикелер дайындайтын Көкшетау жоғары медициналық колледжінің филиалы орналасады деп шешім қабылданды.

Степногорск қаласына жұмыс сапарының кейінмәслихат төрағасына жоспарланған жұмыстың орындалуытуралы аурухананың бас есепшісі А.Асқарова мен заңгер-кеңесші Г.Сайдалина баяндады. Жұмыс кеңесіне денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Е.Иванова қатысып,қордаланған мәселелерді шешудің, тауарлар мен қызметтерді жеткізушілер алдындағы кредиторлық берешекті төлеудің қадамдық алгоритмі талқыланды.  Бейбіт Айтымұлы аурухана заңгеріне қайта тіркеу процесін жеделдетуді ұсынып, Степногорск ауруханасы бойынша мәселе облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың жәнедепутаттық корпустың бақылауында  екенін еске салды. Бұл мәселе облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында қайта  қаралатын болады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар