Инклюзивті білім беруде оң тәжірибе қалыптасып отыр

Көкшетауда өткен «Инклюзивті білім беруді дамытудағы үздік тәжірибе» атты республикалық семинарда Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ақмола облысының осы қызметті үйлестіру кеңесінің жұмысына оң бағаберіп, іс-тәжірибесін таратты.

Республикалық семинар жұмысына Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының инклюзивті білім беру орталығы директорының міндетін атқарушы Светлана Исмағұлова қатысты. Сондай-ақ, облыстардың білім басқармаларының, әдістемелік орталықтарының,инклюзивті практикаларды енгізу жөніндегі тірек ұйымдарының басшылары, Ақмола облысының аудандық және  қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысқан семинардың пленарлық отырысы «Болашақ сарайы» базасында өтті. Одан кейін семинарға қатысушылар Көкшетау қаласы мен Бурабай ауданының жеке білім беру ұйымдарының инклюзивтік-тәжірибелерімен танысты.

–Іс-шараны өткізудегі басты мақсат – Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі қызметінің оң тәжірибесін тарату, – дейді осы орайда, облыстық білім басқармасының бас маманы Марал Қоспанова.

Ақмола облысының білім басқармасы 2010 жылдан бастап инклюзивті білім беруді дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Ондағы басты міндет ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаға жалпы білім беретін ортада дені сау құрдастарымен бірдей оқуға жағдай жасау болып табылады.

Облыста ерекше білім беруді қажет ететін 12 389 бала бар. Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау процесіне тартылған барлық құрылымдардың іс-әрекеттерін ретке келтіру және үйлестіру мақсатында 2014 жылғы ақпанда  облыстық білім басқармасы жанынан инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды.Кеңес жұмысын саясаттану ғылымдарының кандидаты Марат Ибраев басқарады. Сол жылы Көкшетау қаласындағы №19 орта мектепте инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі ресурстық орталық құрылған көрінеді. Бұл мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін тиісті жағдай жасалып, логопедмұғалімдер, дефектолог мен психолог мамандармен қамтамасыз ету жүзеге асырылған. Балалардың денсаулығындағы кінәрат түрлері бойынша арнайы сыныптар жұмыс істеп, мүмкіндігі шектеулі балалардың кедергісіз жүріп-тұруынақажетті шаралар қолға алынды және арнайы білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл жолға қойылды.

–Біздің алдымызға ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қажетті жағдайлар жасау жөнінде маңызды міндет қойылды. Кәсіби шеберлікті жетілдіру, оң тәжірибе алмасу және барлық мүдделі құрылымдардың өзара әрекеттесуі осы міндет үдесінен көрінуге тікелей ықпал етті, – деп атап өтті семинарда сөз сөйлеген Ақмола облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенова.

2014 жылдан облыста мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жалпы білім беретін мектептерде, техникалық және кәсіптік білім беру,қосымша білім беру ұйымдарында инклюзивті тәжірибелерді енгізу бойынша тірек білім беру ұйымдарының желісі құрыла бастаған болатын. Бүгінгі таңда бұл ұмтылыс өз жемісін беріп, облыс бойынша 51 тірек ұйымы және 7 ресурстық орталық жұмыс істейді.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар