Мұндайда ең бастысы, үрей тудырмау. Егер сабырлықпен және ақылмен әрекет етсеңіз, қауіп-қатерді болдырмау оңайырақ. Үрей – әрқашан ақыл-естілік амалын табу қабілеттілігінен айырады.
Өрт шыққанын дереу өрт қызметіне «101» телефонымен хабарлаңыз. Өртсөндірушілерді шақырғанда, өрт шыққан мекен-жайын, көше, үй нөмірін, қай қабатта болғанын нақты хабарлау керек. Пәтер, шатыр асты, жертөле, дәліз, қойма, ферма немесе басқа бір жер жанғанын ұғымды түрде түсіндіру қажет. Өз телефон нөміріңізді, кім қоңырау шалғанын айтыңыз. Егер жану ошағы үлкен болмаса, жіті әрекетпен өртті сөндіруге болады. Үйден өртті сөндіруге мүмкіндік беретін құралдар да табуға болады. Ол – көрпе, қалың мата, үйде өсірілетін гүлдің топырағы, ыдыстағы су.
Бұл ретте, терезелерді және есіктерді ашуға болмайды, себебі, енген таза ауа өртті әрі қарай өршітеді. Өрт пайда болған бөлмеде өтпе желге және ауаның енуіне неғұрлым жол бермеу керек, өйткені, ондайда өрт одан сайын қатты тарауы мүмкін. Сол себепті, терезенің әйнегін немесе есік, терезені ашуды шектеу керек. Электржелісіне қосылған электр құралдарын сумен сөндіруге тиым салынады. Ең бастысы, жанған электр құралды электржелісінен ажыратыңыз, айырды ағытып тастап, су құю керек. Егер бұл теледидар болса, экранның жанынан оның артқы жағына су құю керек, әйтпесе қызып тұрған кинескоп жарылуы және сізді жарақаттауы мүмкін. Жақын маңнан су таппасаңыз, теледидарды қалың көрпемен жабуға немесе құм, топырақ себуге болады.
Өрт қаупі күшейіп, сіз өз күшіңізбен оны жеңе алмасаңыз, адамдардың сыртқа шығуына көмектесіп, дереу үй-жайды қалдыру керек. Өрт аумағынан балаларды, қарттарды және ауру адамдарды тез шығара бастаңыз. Үйде мүмкіндігінше электр және газды өшіру қажет. Бірінші кезекте адамдарды өмірге қаупі бар үй-жайлардан және ғимараттың үстіңгі қабаттарынан шығару қажет.
Көп қабатты үйде баспалдақ түтіндегенжағдайда түтінін кетіру және таза ауа енуі үшін, баспалдақ алаңшасындағы терезелерді ашып немесе терезе әйнектерін шағып, баспалдаққа түтін шығып жатқан бөлменің есігін қымтап жабу қажет. Егер баспалдақ жолын от жауып немесе қатты түтіндеген болса, түтін шығып жатқан бөлменің есігін суланған матаменнемесесуғамалынғаншүберектерменқымтапжауып, терезенемесебалконның тұсынан өтіп бара жатқандардыңназарынаударуға тырысыңыз. Немесе пәтерде қалып, өрт сөндірушілерді күткеніңіз жөн. Түтінделген баспалдақ немесе дәліз арқылы шықпаңыз, түтін өте улы, жанғыш газдар өкпені күйдіруі мүмкін. Мұндайда көпқабаттыүйлердегітерезелерденсекіругетиымсалынады, өйткені,жарақаталуқауіпі бар.
Тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, жалғыз сіздің ғана өміріңізге емес, жақындарыңыздың және көршілеріңіздің өміріне де қауіп төндіреді. Сондықтан, өрт қауіпсіздігіне күнде мән беріңіз, ал, өкінішке орай, ондай жағдай орын ала қалса, біздің айтқан ақыл-кеңесімізге жүгініңіз.
Р.Молдағұлов,
Көкшетау қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері,
азаматтық қорғау лейтенанты.