Жаңа емдеу орны жақсы болды

Бұл өмірді мағыналы да көріктіететін кімдер десек, жүрегі ізгілікке, жайдары жылылыққа толы адамдардың өздері. Бұл жарық дүниеде жақсы азаматтар көп болған сайын өмірде мейірім мен өнегеге де көбірек орын болады. Сондай жақсы-жайсандардың қатарында өзім төмендегі азаматтарды атағым келеді. Олар «КДЛ «Олимп» серіктестігінің бас директоры Ерлан Мэлсұлы Сүлейменов, «Поликлиника CITY» ЖШС бас директоры Алмаз Әбдімәуленұлы Жалбыров, ауылдағы жанадан салынып жатқан құрылыстардың жұмысына бас-көз болып жүрген Қызылжар ауылының тумасы Әлібек ЖұматайұлыСүлейменов.

2023 жылдың 28 сәуір күні осыҚызылжар ауылында жаңа емдеу орнының ашылу салтанаты болып, аудан әкімі Бақытбек Оспанбековпен бірге Целиноград ауданының құрметті азаматы, тыл ардагері, 91 жастағымен  көгілдір лентаны қиып, бата берген болатынмын.

Ауыл дәрігерлері өздеріне қаралатын тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуі керек. Бұл әркез осындай мекеме табалдырығын аттаған сайын біздің көкейімізде тұратын қағида. Жыл сайын осы мақсатта медицина саласына жаңа технологиялар да енгізіліп, мүмкіндік артып келеді. Осы сөзімнің айғағындай, халыққа заманауи жабдықтар мен инновациялық технологияға негізделген жанды көмек көрсету үшін біздің жаңа ауруханада бәрі бар. Анализ тапсыратын кабинеті, жаңа рентген-флюорограф аппараты, физио ем алу аппараттары, 8  төсек орындық күндізгі стационар, дәрігер кабинеті, әйелдерді қабылдайтын кабинет көңілден шығады. Дегенмен, жаңа аурухана болғандықтан, материалдық база одан әрі толықтырылып, УЗИ аппараты, тұрғындарды үйде қарау үшін жеңіл көлік алынса. Бұл дегеніміз халық денсаулығы үшін ең маңызды шаруаның бірі. Өйткені, бұл аурухана сонда Қабанбай батыр, Нұра, Сарыадыр, Қошқарбай, Жалғызқұдық, Сарыкөл және тағы басқа ауылдардың тұрғындарын қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз етер еді.

Аздап сырқаттанып, осы ауруханадаемделіп шыққаннан кейін, ендігі кезекте мұндағы дәрігер мен медбикелерге алғысымды білдірмекпін. Ендеше, мені емдеген мына азаматшаларға ризашылығым шексіз.  Тіркеуші Арайлым Катренова пациентті жылы жүзбен бірінші болып қабылдайды. Милана Хван осы аурухананың білікті дәрігері. Зәмзагүл Жаманбаева физиомедбике өз ісіне жауапкершілікпен қарайды. Нұрбибі Жайлаубекова процедура кабинетінің медбикесі, анализ алып, укол салып, система қойып тыным таппайды. Сымбат Әлиақпарова рентген-лаборант, ЗинаАразова санитарка. Олар да өз жұмыстарын біледі. Аурухана іші қашанда таза. Зухра Хамзина жақсы әкімші. Бәрі өздеріне жүктелген міндеттерін сапалы атқаруда. Сол үшін тағы да бір алғысымды айтып, аурухана ұжымының халықтың денсаулық күзетінде үлкен табыстарға жетуіне ақ батамды беремін.

Ерден АБАЕВ,
Целиноград ауданының құрметті азаматы, тыл ардагері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар