Жаңа бизнес жоспарларға қолдау көрсетіледі

Жыл басынан бері Шортанды ауданында 7 кәсіпкер мемлекеттік қолдауға ие болып, келісім-шарт жасап, өз кәсіптерін бастады.

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Гольмира Коркотканың айтуынша, биыл ең үздік деп танылған бизнес-жобалар қатарында автөкөліктерге техникалық қызмет көрсету стансасы, сән салоны, автомобильдерге бампер дайындау, ет және гүл дүкендері, ағаштан жасалған бұйымдар, клинингтік компания бар екен. Бүгінде кәсіп иесі атанып отырған тұлғалар «Бастау бизнес» бағдарламасы аясында гранттарды иеленіп, екі қолға бір күрек дегендей өз істерін дөңгелетіп әкеткен.

Жаңа бизнес идеясымен көзге түсіп, кәсібін бастаған Кагват Галамин көпбалалы әке. Ол автокөліктерге бампер дайындау жұмысын қолға алып, ертеден ойға алған ісін бастап кетіпті. Оның жұмыс цехы Шортанды ауылында орналасқан. Автомобильдерге арналған бамперлерді дайындау үшін ол Алматыдан жеткізуші арқылы матрицаларды сатып алу логистикасын жолға қойыпты.

–Жаңа бизнес идеяларға мемлекеттік қолдау көрсету біз сияқты көпбалалы отбасыларға үлкен мүмкіндік деп ойлаймын. Жастарға айтарым, алдарыңа мақсат қойып, оны іске асырыңдар. Жұмыссыз жүргеннен гөрі өзіңнің ұнатқан ісіңмен айналысқан қандай жақсы. Өзің де дамисың, өзгеге де көмегің тиеді, –дейді Кагват Галамин.

–Мұндай гранттар негізінен көпбалалы отбасы ретінде әлеуметтік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік жәрдемақы алатындар мен асыраушысынан айырылған отбасылардың мүшелеріне, қандастар мен жұмыс істеуге денсаулығы жарамды мүмкіндігі шектеулі жандарға, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған жандарға беріледі. Бұл грантқа үміткерлер жұмыспен қамту орталықтарында тіркел немесе кәсіппен айналысып жүргендеріне 3 жылдан кем болмауы тиіс,–дейді Гольмира Хасимовна.

Ы.ШАМШИЕВА.

Шортанды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар