АИТВ қорқынышты жеңу керек

Жаз маусымы күшінде тұр. Бұл дегеніміз, АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ашық акциялардың қарқын алатын уақыты.

25 шілде күні Көкшетау қаласының орталық қалалық саябағының аумағында жедел тестілеу және кеңес берудің мобильді пункті ашылды. Онда әрбір ниет білдіруші АИТВ індеті бойынша өзмәртебесін біліп, мамандардан кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.

−Мұндай акциялар өте қажет. Өйткені, біздің ойымызша, АИТВ-мен ауыратын адамдар біз үшін жұқпалы әрі қауіпті. Бірақ, мұның бәрі жоюды қажет ететін мифтер болып табылады,−деді акцияға қатысушы Виктория.

Сонымен қатар, оның айтуынша, адамдардың өмірі жанталас пен әбігерге толы, олар әрқашан өз денсаулығына уақыт таба бермейді. Осындай іс-шаралардың арқасында адам АИТВ бойынша мәртебесін тегін, тез, оңай және қолжетімді түрде тексере алады.

Алдағы уақытта қалалық саябақта және орталық әмбебап дүкен аумағында осындай акциялар айына бір-екі рет қазан айына дейін өткізіліп тұрады.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар