Жоспардың үштен екісіне жуығы орындалды

Жаз мезгілі де орталанып, енді бірер айдан кейін күзгі маусым басталады.Қыстың қамын ерте ойлайтын ауылдағы ағайынның шөп қылтия шабындық іздейтін әдеті.Осыған байланысты ауданда шаруалар қыстың қамына ерте кірісіп, ауа райының қолайлылығын пайдаланып, маусым айының басынан бастап шөп жинау науқанын жандандырып кетті.

Биыл 2023-2024 жылдың алдағы қысқы кезеңіне жемшөппен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар қиыншылықпен жүргізілуде.«Көктен иіп, жерден беру» жағы кемшін болып тұрған соң, ауыл шаруашылығы құрылымдары мен аудан халқы шөп шабу науқанын қажыр-қайратқа сүйеніп, іске асыруда. Қолда бар мал үшін 94 мың гектар жердің шөбін шабу қажет. Оның ішінде 33 мың гектар табиғи шабындық, өткен жылдардағы 14 мың гектар көпжылдық шөп, 15 мың гектар бір жылдық шөп және 32 мың гектар алқапта су басқан шалғынға шалғы салынып отыр. Соның арқасында 55 мың тонна жемшөп дайындалған. Жоспарды іске асыру мақсатында 100-ден астам шөпшілер бригадасы жұмыс істеп,  жемшөп тасымалдауға 200-ден астам трактор мен тіркеме тартылған.

Жылдық жоспардың орындалуына әлі де 25 мың тонна шөп қажет. Осыған орай, ендігі мақсат ауа райының қолайлы шағын пайдаланып, қалған шабындықтар мен екпе шөп алқаптарының шөбін тез арада жинап алу болмақ. Техника барлық жерде жеткілікті. Әзір істің табысты жүргізілуіне, сондай-ақ, жемшөп қорының молаюына, облыс әкімі бекіткен шаруашылықтардың барлық санаттарында 2023-2024 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы жануарларын мал азығымен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында қабылданғанбірқатар іс-шаралардың септігі де тиіп отырғаны анық.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Атбасар ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар