Ақмолалықтарда – үш жүлделі орын

Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасының VI жазғы спардакиадасы аясында триатлоннан жарыстар аяқталды.Жарыс барысында ақмолалықтар медальсыз қалмады, деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

– Спартакиада төрт жылда бір рет өткізіледі. Ақмолалықтар Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Түркістан облыстарынан, сондай-ақ, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан келген спортшыларды қарсы алды. Біздің спортшыларымыз үш мәрте жүлделі орындарға ие болып, лайықты өнер көрсетті, – деп атап өтті облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсет Бүкібаев.

M-Elite санатының өкілдері 1500 метрге жүзу, 40 шақырымдық велокросс және 10 шақырымдық жүгіруге қатысты.Жарыс қорытындысы бойынша Аян Бейсенбаев чемпион атанса, екінші болып Темірлан Теміров мәре сызығын қиды.

Аралас эстафетада облыс құрамасы күміс жүлдегер атанды. Бұл табысқа Мұрат Жәкен, Әнел Исабаева, Мейірлан Ысқақов және Юлиана Петрова қол жеткізді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Суреттерді түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар