Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Руслан Шамкенов Қазақстанның ҮІ жазғы спартакиадасының Шымкент қаласында өткен стендтік ату бойынша жарысына қатысты.
Спартакиаданың жалпы есебінде ол төртінші орынды иеленіп, ашық коммерциялық турнирде қола медальді жеңіп алды.
–Стендтік ату – өте серпінді спорт түрі. Қазақстанда оның жылдан-жылға жақсы дамып келе жатқанына қуаныштымын, – дейді өз сөзінде жерлесіміз.
Өткен шілде айында осы спорт түрі бойынша Ақмола облысы федерациясының президенті Руслан Жақсылықұлы спортингтен «Бэргэн» спорттық-атқыштар клубы ұйымдастырған Саха Республикасының (Якутия) чемпионатында болып келді. Турнир осы елдің стендтік ату және спорт федерациясының 20 жылдығына арналды. Депутат чемпионатты өткізудің жоғары деңгейін атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыс айтып, Якутия өкілдерін Қазақстанға шақырды.
Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.