Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еңбекқор әулет шырайы - АРҚА АЖАРЫ

Еңбекқор әулет шырайы

Дәстүр бойынша біздің елде Көлік қызметкерлері күні тамыздың бірінші жексенбісінде атап өтіледі. Бұл салаға тек еңбекқор және ынталы адамдар келеді. Айталық, Есіл ауданындағы Сәрсембаевтардың теміржолшылар әулетінің бұл саладағы еңбек өтілі  екі жүз жылдан асады. 

Бұл әулеттің негізін қалаушы Ұлы Отан соғысының ардагері Зәткен Оразбекұлы Сәрсембаев болды. Ол 1925 жылы дүниеге келген. Өзінің еңбек жолын  темір жолда қарапайым кондуктор болып бастаған.   Оның міндеті қызыл сигнал белгісін соңғы вагонға іліп қою болды. Осылайшаол ізімен келе жатқан пойызға көрініп отырды. Пойыз жолдың қисық учаскелерінде қозғалған кезде ол вагонның істен шығуы, доңғалақтардың ұшқындауы немесе жүктің түсуін тексеруі керек еді.

Зәткен Оразбекұлы сауатты жұмыс істеді, әрқашан өз ісіне адал болды, сондықтан, жұмыс бойынша жоғарылатылып, Құсмұрын станциясына саяси бөлім бастығы лауазымына жіберілді. Мұндай қызметтер бұрын халық шаруашылығының барлық салаларында болған екен. Есіл станциясына ауысқаннан кейін аудандық партия комитетінің нұсқаушысы болып жұмыс істеді, кейін жоғары партия мектебіне оқуға түсті. Өзін жақсы жағынан көрсете отырып, Есіл тораптық станциясы вокзалының бастығы болып тағайындалды.

Ардагер 1950 жылы үйленіп, жұбайы Байра Смағұловамен бірге бес бала тәрбиеледі. Олардың төрт ұлы әкесінің ізімен жүрді. Ең үлкен ұлыШәріп Сәрсембаев Целиноград теміржол техникумын бітірген. Теміржолда 40 жыл жұмыс істегеннен кейін зейнет демалысына шықты. Шәріптен кейін туған  Марат та отбасылық дәстүрді бұзбай, Омбы көлік инженерлері институтын локомотив шаруашылығымамандығы бойынша бітіріп, теміржол саласына өзінің жарты ғасыр өмірін арнады. Есіл локомотив депосының басшысы болып жұмыс істеп, кейін Қазақстан темір жолында «Локомотив Сервис»акционерлік қоғамының вице-президенті болды, қозғалыс қауіпсіздігі департаментінде қызмет атқарды. Сонымен қатар, ол Құрмет кітабына енгізіліп, Қазақстанның үздік 30 теміржолшысықатарында болды. Адал еңбегі үшін «Қазақ темір жолына 50 жыл» медалімен марапатталды.

Үйдің ортаншысы Мұраттың еңбек өтілі 41 жылға дейін жетеді. Бүгінде ол Есіл станциясы бастығының логистика жөніндегі орынбасары лауазымында қызмет атқарады. Оның жұбайы Алмагүл Есіл локомотив депосында 30 жылдан астам тасымалдау құжаттарын өңдеу операторы болып жұмыс істейді. Отбасының кенжесі,жас кезінде ауған соғысында қайтыс болған Нұрланбек Сәрсембаев та бір кездері Есіл локомотив депосында жұмыс істеген.

Бүгінде теміржолда осы әулеттің үшінші буыны – Зәткен Оразбекұлының немерелері еңбек етуде. Зарема 18 жылдан бері «Жүк тасымалы»серіктестігі Қостанай локомотив депосында жедел-техникалық есепке алу орталығының басшысы лауазымында  істейді. Немересі Нұржан зайыбы Жұлдызбен бірге теміржолшылар әулеті деген атты одан әрі жалғастыруда. Ал, Нұрсұлтан маневрлік диспетчер. Қазіргі уақытта теміржол көлігі саласындағы логист болып қызмет атқарып жүр. Мұрат пен Қарлығаштың немерелері де көлік логистері болып табылады. Темірлан зайыбы Жанаргүлмен бірге Самара мемлекеттік жол қатынасы университетін бітірді. Қазіргі уақытта орталық аппаратта Солтүстік өңірлік тасымалдауды басқару орталығыныңпоезд диспетчері болып жұмыс істейді.

2017 жылы Ұлы Отан соғысының ардагері Зәткен Сәрсембаевтің есімін ел есінде қалдыру мақсатында Есіл станциясының теміржол вокзалы ғимаратында ескерткіш барельеф орнатылды. Сәрсембаевтар отбасының шөберелері де ардагер аталары мен үлкендердің ізін басады деген сенім бар. Бұл дегеніміз теміржолшылар әулиетінің  төртінші ұрпағының  бай тарихы болмақ.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
Арқа ажарының өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар