Таза болса айналаң…

Көкшетау қаласында ішкі саясат басқармасы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, қалада тазалықты сақтамайтындардың қолымен шашылған қоқыс пен тұрмытсық қалдықтарды жинау бойынша жалпы қалалық экологиялық акция ұйымдастырылды.

Дәстүрлі іс-шараға 50-ге жуық белсенді қатысты.Экологиялық акцияға әскери-техникалық мектептің мұғалімдері мен тәрбиеленушілері, ауған соғысының ардагерлері және қалалық жастар ресурстық орталығының өкілдері жиналды. Олар Қылшақты өзені мен Қопа көлінің бойын қоқыстардан тазартты.

−Бұл экологиялық акция екінші рет өтуде. Екі-үш күн бұрын еріктілермен бірлесіп жұмыс істедік. Сол жолы шамамен 50-60 қап қоқыс жиналды. Жалпы, біз бұл акцияны жыл бойы өткіземіз. Жазда мұндай сенбіліктерді апта сайын немесе ай сайын өткізуге тырысамыз. Сондықтан, қала тұрғындарын осы іс-шараға қатысуға шақырамын, − деді Көкшетау қаласының жастар ресурстық орталығының басшысы Ерен Нұрмұхамет.

Бұл аймақ сынған әйнекпен, полиэтилен пакеттермен және басқа да қалдықтармен ластанған. Жағалауды тазалауға және ретке келтіруге шыққандардың арасынд әскери-техникалық мектептің сарбазы Дастан Ибатуллинов бар. Оның айтуынша, әрбіразаматқоршағанортаны таза ұстауғажәнесақтауғаміндетті.

− Қаланың тазалығына өз үлесімізді қосу үшін келдім.  Менің ойымша, мұндай акцияларды өткізу өте маңызды. Сондықтан, біз қатарымыздың мүмкіндігінше көп болғанын қалаймыз. Бұл акцияны Қазақстанның барлық жастары қолдап, дәстүрге айналдырса екен деймін,−деді ол.

Студенттер мен спортшылар да  өзенге іргелес аумақты қоқыстан тазартуда үлкен белсенділік көрсетті.

−Бүгін біздің “workout Center AQMOLA” командасы да бұл игі істен шет қалмай, қаламызды қоқыстан тазарту жөніндегі акцияға қатысуға шешім қабылдадық. Біз жастарды осындай акцияларға көптеп қатысуға шақырамыз. Осылайша біз қаланы таза ұстауға көмектесеміз,−деп атап өттікоманда жетекшісінің орынбасары Данил Рябов.

Сонымен, мұндай іс-шараларжыл бойы барлығына тазалық мәдениетін қалыптастыру үшін жасалады. Осы негізде қоршаған ортаға қамқорлық және табиғатқа ұқыпты қарау бастауыш сынып оқушыларында экологиялық білім берудің негізгі тақырыптарына айналуы тиіс. Себебі, жастайынан  адамның бойында  экологиялық сауаттылық пен сана, экологиялық мәдениеттің негіздері, қоршаған әлеммен өзара іс-қимыл тәжірибесі, сондай-ақ экологияға қатысты белсенді әлеуметтік ұстанымы қалыптасуы қажет.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар