Керегінде тіл табысып, татуласқанға не жетсін

Целиноград ауданының 95 жылдығы аясында Медиация орталығының салтанатты ашылуы өтті.

Орталық дауларды сотқа дейінгі реттеу институтын жетілдіруге және танымал етуге бағытталған. Медиация күні қарсаңында ашылған сотқа дейінгі татуласу орталығының ашылу салтанатына Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Алма Айтқожинова, аудандық прокуратура, сот, мәслихат, мемлекеттік органдар, «Amanat» партиясы филиалының өкілдері, Тасты, Ақмол, Шалқар, Оразақ, Арайлы, Жаңаесіл ауылдық округтерінің қоғамдық медиаторлары және аудан тұрғындары қатысты.

Медиация орталығының ашылуы аудан тұрғындары үшін ерекше оқиға болды. Ақмола облысының кәсіби медиаторы Әлия Ибраева өзінің әлеуметтік бағдарлануы туралы айта келе, орталықтың дауларды шешуге бағытталғанын атап өтті.

–Сот практикасы көрсеткеніндей, даулардың көп бөлігі еңбек, неке, отбасы, тұрғын үй, сондай-ақ, зиянды өтеу даулары бойынша туындайды. Мұндай қақтығыстар медиация орталығында шешілуі мүмкін, бұл сот органдарының жұмысын белгілі бір деңгейде жеңілдетеді деген сөз. Азаматтар мұнда медиаторлардың тегін қызметтерінің толық кешенін пайдалана алады. Татуластыру рәсімдері адамдарға келісімге келуге, екі тарап үшін өзара тиімді нұсқаны табуға мүмкіндік береді. Медиация орталығының жұмысы халық арасындағы жанжал деңгейін айтарлықтай төмендететініне сенімдімін, – деп атап өтті Әлия Ибраева.

Медиация орталығы дауды тез және бейбіт жолмен шешуге, мәселелерді шешу бойынша адамдардың мәдениетін арттыруға, моральдық және материалдық шығындарды азайтуға, қоғамдағы құқық бұзушылықтар мен жанжалдардың деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Ауданда медиация саласындағы жұмыс 2016 жылдан бастап аудандық ішкі саясат бөлімінің бастамасымен жүргізілуде. Бүгінде ауданда 33 қоғамдық медиатор бар. Жанжалдарды тез және шығынсыз шешкісі келетін целиноградтықтар медиация орталығына Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, 14 үй, 2-қабат мекенжайы бойынша жүгіне алады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар