Жаз – қысқа дайындық маусымы

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Бурабай ауданына жұмыс сапары жолдардың жағдайы меналдағы жылу беру маусымына дайындық және әлеуметтік нысандарды жөндеу мәселелеріне арналды.

Щучинск қаласындағы Октябрьская көшесінде жол техникасы жұмыс істеп, асфальт төсеу жұмыстары жүріп жатыр.

– Ағымдағы жылы сегіз көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді, – дейді аудан әкімінің орынбасары Ерлан Биданов. – Жұмыс аяқталғаннан кейін біз көлік қозғалысын айтарлықтай жеңілдете аламыз. Жалпы, ауданда құны 2 миллиард теңгені құрайтын 18 жол жөндеу жобасы жүзеге асырылуда.Аудан орталығындағы жолдардың жалпы ұзындығы 134 шақырымды құрайды. Биыл 30 шақырым жол жөндеу жұмыстары жүргізілді, келесі жылы да жұмыс жалғасады.

–Зеленый бор кентіне қарасты Сарыарқа шағынауданындағы жолдарды орташа жөндеуге 100 миллион теңгеге жуық қаржы бөлініп, оның 93 миллионы игерілді, – дейді ауылдық округ әкімі Мәди Баженов. –Жалпы, 5 шақырымға жуық жолды жөндеу жұмыстары аяқталып, кіреберіс жолдарға асфальт төселді.Округте алты ауыл бар, тағы екі жобаға өтінім береміз. Ауылдық округ үлкен, бір ғана Зеленый борда 3 мыңнан астам адам тұрады. Бізге балалар мен спорт алаңдары өте қажет.

– Сметасын жасап шығарыңыз, – деді бастаманы қолдаған Ермек Боранбайұлы. – Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін көп орын бар. Біз ауылдарды дамытуға күш салып жатырмыз, соңғы екі жылда облыста тек ауылдық жерлерде ғана 17 спорт алаңы салынды.

Щучинск қаласындағы №1 мектеп-гимназия күрделі жөндеу жұмыстары өтіп жатқанорындардыңбірі. Мектеп директоры Любовь Тюкачева облыс әкімін осы жұмыстардың барысымен таныстырды. Бұл ауылда бірден екі әлеуметтік нысанға, яғни, облыстық олимпиадалық резервті дайындау орталығы мен Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.Спорт кешенін жөндеу қажеттілігі әлдеқашан көтерілген. 1986 жылы салынған ғимарат 2021 жылы Олимпиада резервін даярлау орталығының балансына берілген. Жөндеу жұмыстары 2022 жылы басталып, аяқталуға жақын қалды. Мердігер – павлодарлық «КазЕвроСтрой» ЖШС.

Спорт кешеніне деген сұранысты мына цифрлар айқындап береді.Мұнда небәрі 5 айда 11 мың адам келген, оның 7 мыңы балалар. Олар үшін бассейн, жаттығу және спорт залдары жұмыс істейді.

– Облыста мұндай залдар санаулы ғана. Зеленый Бор командалық спорттүрімен – футболшылар, волейболшылар, баскетболшылармен танымал. Спорттық дәстүрлерді жаңғырту керек, – деді Ермек Маржықпаев.

Мәдениет үйін әдемі витраждар, көрермендер залы мен сахнаның жаңа дизайны, сыртқы безендіру, шатырды ауыстыру сияқты үлкен өзгерістер күтіп тұр. Би және вокалдық топтар жұмыс істейтін болады.

– Мәдениет үйі – ауылдың басты ошақтарының бірі. Ғимараттың тоқтап тұруына жол беруге болмайды, жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс, – деді бұл ретте де облыс әкімі.

Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – жылу беру маусымына дайындық. №12 қазандық аудан орталығыЩучинск қаласындағы екі мыңнан астам тұтынушыны жылумен қамтамасыз етеді. Оны жөндеуге 80 миллион теңге бөлінді. Мердігер – «Жаңа тұрмыс» ЖШС жұмыс тамыз айының соңына дейін аяқталады деп уәде беріп отыр.

Жоспар бойынша Ремзавод  шағын аудандағы жылу трассасына да жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оны екі бригада диаметрі үлкенірек құбырларға ауыстырып жатыр, бұл тағы 1,5 мың тұрғынды, №9 мектеп-гимназияны, №2 мектепті және бала бақшаны орталық жылуға қосуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Заречный шағын ауданына жылу трассасының жобасы әзірленуде.

– Қаржыны игеруде ешқандай проблема жоқ. Жылу трассасын жөндеуге республикалық бюджеттен 1,4 миллиард теңге бөлінді. Содан кейін абаттандыру жұмыстарына кірісеміз, – дейді Е.Биданов.

Облыс әкімінің жұмыс сапары Зеленый Бор ауылындағы қазандықты аралаумен аяқталды. Ермек Маржықпаев жөндеу жұмыстарын жеделдетіп, мазут сатып алуды бақылауды тапсырды.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
Наталья ЯКОВЛЕВА.

Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар