Кәсіпорындарға кадрлар даярлайды

Облыс колледждерінде алғаш рет 2022-2023 оқу жылында әлеуметтік серіктестер – кәсіпорындардың тапсырысы бойынша студенттерді мақсатты оқытуға қабылдау жүргізілді, деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кадрларды мақсатты түрде оқытудың негізгі қағидасы – шарт жасалған кәсіпорында міндетті өндірістік тәжірибеден өтуі және студенттің оқуды аяқтағаннан кейін кепілді жұмысқа орналасуы.

Колледж мен кәсіпорын арасында нысаналы мемлекеттік тапсырысты орындау үшін студенттің осы өндіріс орнында өндірістік тәжірибеден өтуі, студентті жұмысқа орналастыру және кәсіпорындардың кемінде еңбек нарығындағы қызмет саласында үш жыл жұмыс өтілі болуын қамтамасыз ететін екі жақты келісім-шарт жасасу қажет. Сондай-ақ, кәсіпорында дуальды оқытуды ұйымдастыру үшін тиісті база болуы керек.

– Осы критерийлерді ескере отырып, облыс колледждері әлеуметтік серіктес кәсіпорындармен екіжақты келісім-шарттар жасау жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде облыстың 23 колледжі 120-дан астам кәсіпорынмен 886 орынға келісім-шартқа отырды, – дейді Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов.

Мысалы, Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі «Көкшетау жылу» ШЖҚ МКҚК-мен 40 орынға, оның ішінде «Жылу инженері» біліктілігі бойынша «Жылу техникасы және жылумен жабдықтау жүйелері» мамандығына 25 орынға және «Инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану жөніндегі техник» біліктілігі мен «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану» мамандығы бойынша15 орынғакелісім-шарт жасасқан.

Қатаркөл ауылының ауыл шаруашылығы колледжі басшысының міндетін атқарушы Лилия Домбровскаяның айтуынша, олардың колледжі облыстық ветеринария басқармасы, «Жақсылық Агро» ЖШС, «Зенченко И.П.» және «Атамекен АГРО» ЖШС-мен келісім негізді «Ветеринария» мамандығы бойынша мақсатты оқытуды жүзеге асырады.

Атап айтқанда, жаңа 2023-2024 оқу жылында Ақмола облысының кәсіпорындары үшін кадрларды мақсатты даярлауға қабылдау жоспары техникалық, технологиялық және ауыл шаруашылығы салаларының әртүрлі мамандықтары мен біліктілігі бойынша 500 орынды құрайды, деп хабарлады ведомстводан.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар