— Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мамандары Целиноград ауданы Зеленый Гай ауылының маңында Есіл өзенінде балықтың қырылуы себебін анықтап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мамандарының мәліметінше, Зеленый Гай ауылының маңындағы Есіл өзенінде балықтың қырылуы туралы ақпарат БАҚ жарияланған.
Осыған байланысты Астана қаласы бойынша балық инспекциясы бөлімінің қызметкерлері аталған орынға шықты. Есіл өзенінің жағалауын видео авторымен бірге зерттеу барысында Зеленый Гай ауылының маңында өлген балық табылған жоқ, шамасы, оны балық жейтін құстар мен жануарлар жеп қойған.
«Балықтардың қырылуының болжамды себебі Есіл өзеніндегі су деңгейінің төмендеуіне байланысты суда еріген оттегінің азаюынан және жоғары ауа температурасы мен су өсімдіктерінің гүлденуі балықтардың тіршілік ету ортасына кері әсер етуінен болуы мүмкін. Осыған байланысты зертханалық зерттеулер жүргізу үшін Есіл өзенінен су сынамалары алынды. Балықтардың қырылуының өзге себептері анықталған жағдайда қосымша ақпарат ұсынылатын болады», — деп түсіндірді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына ведомствоның баспасөз қызметінен
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында 700-ге жуық малдан бруцеллез белгілері анықталғанын жазған едік.