Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алады - АРҚА АЖАРЫ

Көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алады

– Жыл басынан көпбалалы 545,1 мың отбасыға жалпы сомасы 239 млрд теңгеге жәрдемақы төленді, оның ішінде шілде айында 541,4 мың отбасы 33,8 млрд теңге алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім еткендей, мемлекеттен жәрдемақы табысына қарамастан, кәмелетке толмаған 4 және одан көп баласы бар, сондай-ақ күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студенттері бар отбасыларға беріледі.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеледі:

— 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;

— 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;

— 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;

— 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;

— 8 және одан көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе
13 800 теңге мөлшерінде
.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап көпбалалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5% артты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар