Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады - АРҚА АЖАРЫ

Тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады

Ақмола облысының прокуроры Айдос Майлыбаев Ақкөл және Шортанды аудандарына жұмыс сапары кезінде осы өңірлердегі елді мекендердің 30-дан астам тұрғынын, бизнес қауымдастығы өкілдерін қабылдады.

Облыс прокурорының жеке қабылдауында аудандардың тұрғындары өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, өтініш-тілектерін жеткізді. Олардың көпшілігі өңірлердің инфраструктуралық дамуына қатысты болды.

Сондай-ақ, облыс прокурорының жеке қабылдауында болған жергілікті кәсіпкер, «Найман» ЖК директоры С.Г.Бейсекеев Шортанды ауданында жылқы шаруашылығына арналған ферма және бордақылау алаңын салу бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыру ниетімен бөлісті. Алайда, осы инвестициялық жобаны іске асыру үшін қажетті жайылымдық жер алудың қиыншылықтары мазалайтын көрінеді. Облыс прокуроры осындай инвестициялық жобалардың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңыздылығын атап өтіп, оларды жүзеге асыру үшін барлық мемлекеттік органдар мүдделі болуға тиіс екендігін еске салды.  Жеке қабылдау барысында облыс прокуроры ауданның прокурорына, мемлекеттік органдардың басшыларына азаматтардың проблемалық мәселелерін тезарада шешу бойынша нақты тапсырмалар беріп, тиісті шаралар қабылдау жағын қарастырды.

Бұдан әрі Айдос Майлыбаев Шортанды ауданы прокуратурасының ғимаратында мұражайдың ашылу салтанатына қатысты. Келушілер бұл мұражайда аудандық прокуратураның құрылу тарихымен және оның жұмысымен таныса алады.

Ақмола облысының прокуратурасы.

 ***

Мемлекетке жер учаскелері қайтарылды

Жақсы ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына талдау жүргізіп, жергілікті фермерлердің ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдаланбау фактілерін анықтады.

Талдау нәтижелері бойынша аудан әкімдігіне Ақмола облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментіне заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгізілді.

Прокуратура актілері бойынша уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар қажетті шараларды қабылдады және ағымдағы жылы мемлекетке ауданы 8 мың гектар, кадастрлық құны 58 миллион теңгеден асатын жайылым қайтарылды, ол ұзақ уақыт бойы тікелей нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмады.

Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою жұмыстары жалғасуда. Аудан прокуратурасының шаралары бойынша уәкілетті орган 4 жер пайдаланушыға жалпы ауданы 5861 гектар жер учаскелеріне бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етті.  Жерді пайдаланушылар бұзушылықтарды жоймаған жағдайда, учаскелер мәжбүрлеп алып қойылады.

Ақмола облысының прокуратурасы.

***

Балалар мекемелеріндегі салғырттық

Облыс прокуратурасы жыл сайын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға, сондай-ақ, мүгедек балаларға медициналық-әлеуметтік қызметтер көрсететін мекемелердің жұмысына тексеру жүргізеді.

Ағымдағы жылғы тексерісте заңдылықтың бірқатар өрескел бұзушылықтары анықталды.

Ақкөл ауданының «Урюпинка ауылындағы балабақша-мектеп-интернаты» арнайы кешені» КММ-нің гаражындағы «Газель» автокөлігінде азық-түлік пен ұсақ малдың еті сақталғаны анықталды. Бұл ретте мекеме директоры еттің қайдан келгенін түсіндіре алмады.

Сонымен қатар, жертөледе көкөніс өнімдері ыдырай бастаған ұқыпсыз күйде сақталған. Балық және сүт өнімдері бірге орналастырылып, жұмыртқа, май, ірімшік, шұжық өнімдері жұмыс істемейтін тоңазытқышта сақталған.

Мекеме қайырымдылық көмек қаражаты есебінен (жетім балаларға арналған) 164 мың теңгеге 3 су жылытқыш, 100 мың теңгеге альпинистік арқан және 54 мың теңгеге 14 микроталшықты сүрткіш сатып алады, алайда бұның барлығын бюджет қаражаты есебінен сатып алынуы керек еді.

«Степногорск қаласының Жастар» облыстық жасөспірімдер үйі» КММ тексеру барысында 9-қабаттың бөлмелеріне жаңбырлы ауа райында су ағып жатқаны анықталды, бұл ретте лифт шахтасын токтан ажырату үшін шаралар қолданылмаған, өйткені, лифт шахтасы өрт қаупінің нысаны болып табылады.

«Бала құқықтары туралы» Заңды бұза отырып, бұл мекемеде психоневрологиялық аурулары бар кәмелетке толған тәрбиеленушілер тұрады. Бұл мекеме білім басқармасына 2019 жылдан бастап жұмыс істемейтін күйдегі ПАЗ 32054 автобусын баланстан шығару қажеттілігі туралы хабарламай, автомобиль тұрағы қызметтері үшін жыл сайын төлем жасалып отырған.

Сондай-ақ, мерзімі өткен дәрілік заттардың 3 түрін сақтау анықталды.

«Мамандандырылған Щучье балалар үйі» КММ-нің тексеруімен қызметкерлердің Қазақстан Республикасынан тыс жерде болу кезеңінде табелдеу фактілері анықталды, сақтау мерзімі өткен 36 «Цефекон» дәрілік заттары табылып, тәркіленді.

Барлық тексерілетін нысандарда өрт қауіпсіздігі ережелері, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнама бұзылған. Қазіргі уақытта тексеру жалғасуда.

Айта кету керек, 2022 жылы тексеру нәтижелері бойынша прокуратура өз бетінше қозғала алмайтын қамқоршылардың қажеттіліктерін ескере отырып, Көкшетау қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында жедел саты жабдықтарын орнату қажеттілігі туралы ұсыныс енгізді.

Биыл бұл жедел сатыны орнатуға 9 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді.

Ақмола облысының прокуратурасы.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар