Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, тамыздың 16-да сағат 11:04 Көкшетау қалалық полиция басқармасының жедел бақылау орталығының инспекторлары бейнебақылау камерасы арқылы Пушкин көшесіндегі №6 үйге қарама-қарсы, «Бамбино» дүкенінің жанында жасөспірімді автокөлік соққанын байқаған.
Белгілі болғандай, жолдың рұқсат етілмеген тұсынан жүгіріп өтпек болған жасөспірімді СҚО 32 жастағы тұрғыны басқарған Toyota Land Cruiser көлігі қағып кеткен. Салдарынан зардап шеккен жасөспірім «иықтың жабық сынығы, оң аяғы тізесінің сынуы және шығуы» диганозымен облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.
«Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345 бабының 2 бөлігі «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деді ведомстводан.