Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бехтерев ауруы немесе анкилозды спондилит - АРҚА АЖАРЫ

Бехтерев ауруы немесе анкилозды спондилит

Бехтерев ауруы дене түзілімі және мотор функциясының өзгеруіне әкеледі. Бел омыртқасы тегістеледі, кеуде омыртқасы барған сайын бүгіліп, өркеш пайда болады. Мойын созылып, жамбас және тізе буындарының бүгілуі қиындайды.

Бехтерев ауруына тән белгі – таңертең белді қозғалта алмай, төсектен тұру қиын. Анкилозды спондилитпен көбінесе 15-30 жастағы ер адамдар ауырады.

Омыртқаның өркешінің пайда болуына байланысты тіке қараған кезде көздің көру өрісі шектелуі мүмкін. Үлкен буындар (жамбас, тізе, иық, шынтақ) ішінара орнынан қозғалуы мүмкін. Пациенттердің 20 пайызында денеде одан әрі бұзылулар болады. Ауру көзге әсер етеді, жүрек-қан тамырлары асқынулары орын алады, дене артериялары (қолқа) зақымданады, саусақтардың немесе сіңірлердің буындарының қабынуы (артрит) болуы мүмкін, сүйек массасының жоғалуына (остеопороз) дейін сүйек тығыздығының төмендеуі (остеопения) байқалады.

Диагностика кезеңдеріне келсек, егер Бехтерев ауруына күдік болса, Шобер белгілері бойынша тест тағайындалады, атап айтқанда, бел, кеуде (бүйірлердегі иілуді бағалау), мойын (трагус – қабырға), кеуде (тыныс алу экскурсиясы), КЕПС (Кушелевскийдің симптомы, буындар мен ішкі ағзаларға тән өзгерістерді анықтау үшін тексеру тағайындалады. Яғни, омыртқаның рентгенографиясы, КТ және МРТ, НАВ 27 антигенін анықтау үшін гендік диагностика, қабыну белгілерін анықтау үшін жалпы қан анализі, С – реактивті ақуыз деңгейін, ревматоидты факторды зерттеу жүргізіледі. Егер науқаста ішкі ағзалардың зақымдану белгілері болса, қосымша тексеру тағайындалады. Көз тартылған кезде сырқат офтальмологпен кеңесуге жіберіледі.

Басқа диагностикалық іс-шаралар айтсақ, олар буыннан тыс ошақтардың бар-жоғын тексеру (жалпы қан анализі, ЭКГ, өкпе флюорографиясы, колоскопия, офтальмологтың қарауы).

Англизациялық спондилит диагнозы орта есеппен аурудың 8 жылдық дамуынан кейін анықталады. Уақытылы диагностикаға әсер ететін бірқатар себептер бар. Оларға мыналар жатады:

  1. Аурудың дамуының клиникалық және жас ерекшелігіне байланысты әртүрлілігі.
  2. Аурудың басталуындағы жеңіл және ауырлық дәрежесі,әсіресе, балалық шақта клиникалық белгілердің әртүрлілігі.
  3. Аурудың патогномоникалық зертханалық белгілерінің болмауы.
  4. Науқастың тұрғылықты жерінің диагностикалық орталықтардан алшақтығы.

Е.БУГА,
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Ақмола облысы бойынша
департаментінің №3 МӘС бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар