Еліміздегі медицина ұйымдарына инфекциялық қауіпсіздік бойынша тексеру жүргізіліп жатыр

– Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Орталық клиникалық ауруханадағы АИТВ (адамның иммун тапшылғы вирусы) жұқтыру оқиғасы бойынша анықталған олқылықтарды жою жоспарын құрды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жолданған Денсаулық сактау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің жауабында жазылған.

«Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы анықталған бұзушылықтарды жою жоспарын қалыптастырып, жүзеге асыруда. Тексеру материалдары қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілерінің бар-жоғын анықтау үшін құқық қорғау органдарына берілді. Сондай-ақ, олқылыққа жол берген адамдарға әкімшілік шаралар қабылданды. Бұған қоса, қазіргі уақытта республиканың медициналық ұйымдарында инфекциялық қауіпсіздік талаптарының сақталуына тексеру жүргізіліп жатыр», – делінген тілші сауалына орай жолданған комитет жауабында.

Қоса кетсек, осы айдың басында Бас прокуратура еліміздегі 549 аурухананы АИТВ жұқтыру фактілеріне тексеруді талап еткенін хабарлап едік.

Еске салайық, осы жылдың маусым айында Алматы орталық клиникалық ауруханасында жатқан үш науқастан АИТВ анықталған болатын.

Кейін Денсаулық сақтау министрлігі АИТВ жұқтырған үш науқаспен байланыста болған 593 адам тексеріліп жатқанын мәлімдеді.

Артынша осы оқиғаға байланысты арнайы құрылған комиссия науқастарға кімнің кінәсінен АИТВ жұққанын жариялады. Тиісінше, бірнеше медицина қызметкері қызметінен кетті.

Дереккөз: www.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар