Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Спорт күнімен құттықтауы

Қымбатты достар!

Құрметті спортшылар, ардагерлер және спорт сүйер қауым!

Сіздерді тамаша мереке – Спорт күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Дәстүр бойынша тамыз айының әрбір үшінші жексенбісінде біз спортшыларымызды ғана емес, салауатты өмір салтын насихаттайтын, дене шынықтырумен айналысатын және жай ғана спортты жақсы көретіндердің барлығын құттықтаймыз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықтың барлық топтары арасында бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын атап өтті. «Бұқаралық дене шынықтыруды дамыту пирамидаға айналуы керек, оның басында жаңа чемпиондар болады, ал, негізінде дені сау, белсенді жастар, сайып келгенде, күшті ұлт тұрады».

Ақмола облысында спорттық дәстүр мықты дамыған. Жерлестеріміздің арасында өз жеңістерімен облысымыздың, еліміздің абыройын асқақтатқандардың   қатарының көптігімен мақтануға болады.

Бүгінде бұқара халықтың дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалуда, мұның өзі тұрғындардың денсаулығы мен өмір салтын нығайтуға оң септігін тигізері сөзсіз. Бұл – қоғамның экономикалық өсуінің, заманауи мемлекеттің дамуының кепілі.

Бүгінгі таңда спортпен айналысудың көптеген адамдар үшін қалыпты жағдайға айналғанын көрудің өзі қуанышқа бөлейді. Спорт адамға денсаулық, күш-қуат, серпін береді, мінез-құлықты шыңдап, қиындықтарды жеңуге үйретеді. Дене шынықтыру және спорт жастарды тәрбиелеуде, олардың дене және адамгершілік мәдениетін арттыруда көптеген әлеуметтік мәселелерді шешудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Құрметті ақмолалықтар!

Қоғам игілігі үшін дене шынықтыру және спорт саласында еңбек ететін, Қазақстанның даңқын халықаралық аренада асқақтата түскен, салауатты өмір салтын ұстанып, тұрақты түрде дене шынықтырумен айналысатын азаматтардың қатарын арттырып жүрген жандардың баршасын шын жүректен құттықтаймын!

Сіздерге зор денсаулық, жаңа спорттық биіктер, бақыт пен көтеріңкі көңіл-күй тілеймін!

***

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Барлық спортшылар мен спорт саласының ардагерлерін, жаттықтырушыларды, мұғалімдерді, спорт мекемелерінің қызметкерлерін және дене шынықтыру мен салауатты өмір салтына бейжай қарамайтын адамдарды Спорт күнімен құттықтаймын!

Бүгінгі таңда спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру маңызды мемлекеттік міндетке айналды деп сеніммен айтуға болады. Ақмола облысында жыл сайын жаңа заманауи спорт ғимараттары салынатыны қуантады, өңірімізде өскелең ұрпақтың дене дамуына ықпал ететін жүздеген секциялар мен үйірмелер ашылып, жұмыс істейді.

Ақмолалық спортшылар аймақтың намысын абыроймен қорғап, өздерінің белсенділігімен және жоғары нәтижелерімен республиканың оң имиджін арттыруға ықпал етуде. Біз Олимпиада ойындарының, Әлем және Азия чемпионаттарының, халықаралық жарыстарға қатысқан атлеттеріміздің жетістіктерін мақтан етеміз, еңбегі сіңген спорт шеберлерінің қолынан осы эстафетаны қабылдап жүрген жас спортшылардың табыстарына қуанамыз.

Жаттықтырушылар мен спортшылар алдағы уақытта да біздің туған өлкемізді даңққа бөлейтін лайықты жастарды тәрбиелеу үшін өздерінің барлық білімдері мен тәжірибелерін аянбайтынына сенімдімін.

Қымбатты ақмолалықтар, Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, амандық, мол бақыт, жаңа жеңістер мен рекордтар, алға қойылған мақсаттарға жетуде жігерлілік пен табандылық, спорттық ынтызарлық пен ұзақ ғұмыр тілеймін!

 Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар