Еңселі құрылыстар – ілгерілеуіміздің көрінісі

Жыл сайын Ақмола облысы құрылыс саласы қарқын алған өңірлердің қатарынан танылып келеді. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласында Құрылысшылар күніне арналған салтанатты жиналыста сөйлеген құттықтау сөзінде осы жағын ерекше атап көрсетіп, құрыш қолды құрылысшыларымызға алда да жаңа табыстар тіледі.

«Болашақ» сарайы ғимаратының фойесінде құрылыста қолданылатын өнімдердің тақырыптық көрмесі ұйымдастырылды.Өңір басшысы сала құрылысшылары мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, қажырлы еңбектері үшін алғыс айтты.

−Құрылысшылардың күш-жігерінің  арқасында адамдардың өмір сүру сапасы жақсара түсуде. Облыстағы қалалар мен аудан орталықтарының, ауылдық елді мекендердің қайталанбас келбетін қалыптастыратын – құрылысшылар. Сіздердің құрыш қолдарыңызбен еңселі әкімшілік ғимараттар, демалыс кешендері, тұрғын үйлер, сауда супермаркеттері салынуда. Жолдар, жаңа әлеуметтік-мәдени және өндірістік нысандар пайда болып жатыр. Сонымен бірге, ескі ғимараттар қалпына келтірілуде. Заманауи технологиялар сәтті игеріліп, өндіріске жаңа құрылыс материалдары да енгізіліп жатыр. Өңірде құрылысшы мамандығы қазір үлкен сұранысқа ие, алда да солай болатынына күмән жоқ,−деп атап өтті өз сөзінде Ермек Маржықпаев.

Құрылыс секторы аймақ экономикасының негізгі драйверлерінің бірі болып табылады.Ақмола облысы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша тұрғын үйді іске қосу көрсеткіштері және орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша елімізде көшбасшы болып отыр. Бұл өңіріміз үшін үлкен абырой.

Биыл тұрғын үй құрылысы саласын қаржыландыру 45 пайызға ұлғайып, бұл көрсеткіш шамамен 17 миллиард теңгені құрады.Жыл сайын жаңа үйге қоныстанушылар саны артып келеді. Соңғы үш жылда 2 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй алаңы пайдалануға берілді. Бүгінде 51 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, оның 15-інің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Жалпы, биылғы жылы барлығы 650 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда, бұл 5 мың ақмолалықтың тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Ақмолалық құрылыс ұйымдарының бай тәжірибесі, даңқты дәстүрлері және мықты әлеуеті бар. Олар мемлекеттік бағдарламаларды және ұлттық жобаларды жүзеге асыруға белсене қатысып, елеулі табыстарға қол жеткізуде. Облыс әкімі әлеуметтік нысандарға қолжетімділіктің жайлы өмір сүрудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынынтілге тиек етті.

−Биыл Ақкөл, Аршалы, Целиноград аудандары мен Степногорск, Қосшы қалаларында және облыс орталығында тоғыз мектеп пайдалануға беріледі. Бұған қоса, ұлттық жобалар аясында 2025 жылға дейін тағы тоғыз заманауи мектеп салынады.  Сондай-ақ, Көкшетау қаласында 450 орындық екі балабақшаның құрылысын аяқтау жоспарлануда. Студенттердің тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатында бірден 1200 орындық төрт жатақхананың құрылысы жүргізілуде. Медициналық қызмет түрлерінің қолжетімділігі мен сапасы облыстың әрбір тұрғынын толғандырады. Соған орай, алдағы екі жылда 38 нысанның құрылысы қарастырылып отыр. Ауылдық жерлерде 43 мыңнан астам тұрғынсапалы медициналық көмекпенқамтылатын болады. Бұл жобалардың барлығы біздің құрылысшылардың  еселі  еңбегінің арқасында жүзеге асырылуда. Балабақшалар, ауруханалар, стадиондар,инфрақұрылым нысандары, бір сөзбен айтқанда, құрылыс саласының барлық бағыттары үнемі дамумен келеді. Бұл бір жағынан заманауи технологиялардың арқасы. Облыстың барлық құрылысшыларына осы саладағы жасампаз жұмыстары және ел мен аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін шексіз алғыс білдіремін. Сіздерге болашақта тек биік шыңдардан көрінудіжәне кәсіби мол жетістіктерге жетуді тілеймін,−деп қорытындылады өз сөзін Ермек Маржықпаев.

Іс-шара үздік сала өкілдерін құрметтеумен одан әрі жалғасты. Құрылыс саласындағы көп жылғы қажырлы еңбектері үшін бірқатар ақмолалықтар облыс әкімінің Алғыс хаты, «Еңбек ардагері» медалі,  «Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы»төсбелгісі,  Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар