Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өңіріміздің спорт саңлақтары марапатталды - АРҚА АЖАРЫ

Өңіріміздің спорт саңлақтары марапатталды

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Спорт күніне арналған салтанаттышараға қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар сала ардагерлері менқызметкерлеріне «Еңбек ардагері» медальдарын, «Құрметті спорт қызметкері», «Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерін, сондай-ақ, жемісті жаттықтырушылық қызметі үшін «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» құрметті атағы мен тағы басқа да мәртебелі марапаттарды табыс етті.

Салтанатты шарада «Еңбек ардагері» медалімен «Ақмола облыстық Ұлттық спорт түрлері» қоғамдық бірлестігінің президенті, Ақмола облысы бойынша қазақ күресінен аға жаттықтырушы, Қазақстан Республикасының ұлттық жоғары дәрежедегі төрешісі Марат Молдашұлы Қойшин, кикбоксингтен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әли-Ген Тобенович Хегай, грек-рим күресінен КСРО спорт шебері Егор Иванович Мукштадт, самбодан КСРО спорт шебері Анатолий Владимирович Кузнецов және тағы басқалары марапатталды.  Сонымен қатар, «Құрметті спорт қызметкері»  төсбелгісімен Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының мамандандырылған Атбасар балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Абай Жақсылықов марапатталды. Абай Кәмиұлы бапкер болып жұмыс істеген жылдары Қазақстан Республикасының көптеген жеңімпаздары мен жүлдегерлері, спорт шеберлерін даярлаған. Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының қатысушысы Константин Буга, Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасының мүшесі, Бүкілқазақстандық спартакиаданың жеңімпазы, спорт шебері Азат Махметовты, 2013 жылдан 2021 жылға дейін ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының 4 спорт шеберін, бокстан 2 спорт шеберін, бокстан спорт шебері, Қазақстан Республикасының құрама командасының мүшесі, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы Сейтенов Батырханды спортқа баулыған.

Бұл мереке – спортшылар мен осы салада кәсіби еңбек ететін азаматтардың ғана емес, барлық салауатты өмір салтын ұстанушылардың, дене шынықтыру мен  спортты жақсы көретіндердің мейрамы.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Қазақстан халқына кезекті Жолдауында «Барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды. Бұқаралық дене шынықтыруды өркендету ісі жаңа чемпиондар шыңына шығатын пирамидаға айналуы тиіс. Бұл салауатты  әрі белсенді жастардың, түптеп келгенде, қуатты ұлттың негізін қалыптастырады», – деп атап өткен болатын. Біздің өңірде де ел Президентінің алдымызға қойған міндеттерін орындау үшін қажетті жағдайлар жасалып, осы бағытта көптеген істер атқарылуда, – дей келіп, өңір басшысы Ақмола облысында спорт саласын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Ақмола облысында спорттық инфрақұрылымның көбеюіне байланысты салауатты өмір салтын насихаттайтын адамдар саны жыл сайын артып келеді. Бүгінде облысымыздың әрбір үшінші тұрғыны дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады. Қазіргі таңда облысымызда 9 мыңға жуық бала тегін спорт секцияларымен қамтылды, бұл өткен кезеңнен 60 пайызға артық.

Соңғы жылдары өңірімізде жаңа заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, спорт сарайлары, стадиондар көптеп салынуда.Мәселен, өткен жылы Ерейментау қаласында бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілсе, облыстық бюджет есебінен Щучинск қаласында спорт сарайы, Есіл қаласы мен Краснояр ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде Целиноград ауданының Ақмол ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені жұмыс істейді, Бурабай және Жақсы аудандарының Мәдениет ауылдарында осындай кешеннің құрылысы жүргізіліп, Шортанды және Балкашин ауылдарындағы стадиондар күрделі жөндеуден өткізілді.

Қазіргі таңда спорт инфрақұрылымын дамытуға жеке кәсіпкерлер айтарлықтай үлес қосуда. Олардың инвестицияларының арқасында Атбасар ауданының Шуйское ауылында спорт кешені, Сандықтау ауданының Максимовка ауылында жабық хоккей корты, Жақсы ауданының Белағаш ауылында спорт кешені салынып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Қосшы қаласында, Қорғалжын ауылында спорт нысандарының құрылысы,Бурабай, Бұланды аудандарында спорт кешендеріне күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда.  Осы орайда, облыс әкімі әлеуметтік жауапкершілік танытып, өңір спортшыларын қолдап жүрген жандарға алғыс айтты.

Халықтың  бос уақытта демалысын тиімді ұйымдастыру үшін  заманауи спорт алаңдарын салу бойынша да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мұндай нысандардың құрылысына жергілікті бюджетпен қатар, шаруашылық субъектілері де қаржыларын бөлінуде. Қазіргі кезде облыста 63 спорт алаңы және 7 хоккей корты жабдықталып, жөнделді,оның ішінде, облыстық бюджет есебінен 1 миллиардқа жуыққаражатқа облыстың 10 ауданында 46 спорт алаңы орнатылды.

–Әлемдік аренада еліміздің көк туын бірнеше рет көтерген ақмолалық спортшылардың ерен еңбектеріне дән ризамыз. Ағымдағы жылдың қаңтар айында облысымыздың 15 спортшысы АмериканыңЛейк-Плэсид қаласында өткен ХХХІ Дүниежүзілік қысқы универсиадада 4 спорт түрішорт-трек, биатлон, шаңғы жарыстары, шайбалы хоккейден жарыстарға қатысты. Жарыстардың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы үш алтын, төрт күміс  және төрт қола медальмен 11-шіорынға тұрақтады.  Облысымыздың спортшылары осы жарыстарда ел қоржынына сегізмедаль салды. Биылғы жылы біздің жетекші спортшыларымыз республикалық және халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсетті. Олар әр түрлі аталымда 2361 медалді жеңіп алды. Оның 787-і алтын, 758-і күміс және 816-ы қола. Мәселен, Үндістандабокстан өткен әлем чемпионатында Карина Ибрагимова күміс медалді жеңіп алса, Хорватияда дзюдоданөткен Еуропа кубогында Толғанай Әбеуова қола жүлдегер атанды. Азия чемпионаттарында біздің жерлестеріміз Аян Бейсенбаев триатлоннан чемпион атанды, еркін күрестен Ержан Бексұлтанов алтыннан алқа тақты, жеңіл атлет Елизавета Якименко үшінші орынды иеленді, – дей келіп, облыс әкімі өңір спортшыларына зор алғысын білдіріп, ақжарма тілегін арнады.

Салтанатты жиын соңында өңір өнерпаздары спорт саңлақтарына арнап дайындаған концерттік бағдарламаны ұсынып, ән мен жырдан шашу шашып, мерекенің шырайын аша түсті.

 Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Фотоны түсірген  Айбек ДАНИЯРОВ. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар