— Қазақстан аймақтарында 2023 жылғы 28 тамызда болатын метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, найзағай, дауыл және желдің күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. ҚР батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі, Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. ҚР солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман күтіледі.
Жамбыл, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының батысында, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Жетісу облысында жоғары өрт қаупі сақталады. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.